You are here

Прокуратура органдарына өтініш беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарын белсендірек пайдалану қажет

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратураның басты мақсаттарының бірі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, заңдылықтың бұзылуын анықтау және оның жолын кесу болып табылады. Арыздарды жедел және мұқият шешу – сөзбұйдаға салу фактілерін анықтаудың және оларды жоюдың тиімді құралы, прокуратура жұмысын жақсартудың негізгі құралдарының бірі.

Азаматтарға көмек көрсету мақсатында және прокуратура органдары жіберген қателіктерге дереу ден қою үшін прокуратура органдарында түрлі мүмкіндіктер қолданылады.

Атап айтқанда, 2014 жылдың маусым және қазан айлары аралығында Астана қаласының тұрғындары үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдаудың пилоттық жобасы жұмыс істеді. Жоба Бас прокуратура мен Байланыс және ақпарат агенттігінің бірлескен бұйрығымен бекітілді. 

Жобаға сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталықтары өтініштерді қабылдау, оларды Бас прокуратура мен Астана қаласы прокуратурасының органдарына тапсыру және арызданушыларға жауапты ұсынуды қамтамасыз етеді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы прокуратура органдарына келіп түскен өтініштерді талдау көрсеткендей, тұрғындар мұндай мүмкіндікті әлсіз пайдаланады және өздері бұрын дағдыланғандай прокуратура органдарына тікелей хабарласқанды жөн көреді.

Бұл ең алдымен арызданушының прокуратураға өз өтінішін қалдыра отырып, кезекші прокурордан қандай да бір өтінішті беру тәртібі туралы нақты түсінік алуға мүмкіндігінің болуымен байланысты болып отыр.

Осыған орай, ХҚО-дан түскен шағымдар негізінен төменгі тұрған прокуратуралардың қадағалауына жататын өңірлік мемлекеттік және құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының әрекеті немесе әрекетсіздігіне қатысты болғандықтан, арыздар төменгі тұрған прокуратураларға жолданды. Бұл ретте Астана қаласы мен «Есіл» ауданының прокуратурасына жолданған шағымдар заң аясында қаралып, қарау нәтижелері бойынша арызданушыларға жауап берілген.

Осының барлығы прокуратура органдарында өтініштерді қарау тәртібі туралы азаматтардың хабарсыз екенін, сондай-ақ ХҚО-ның өтініштерді қабылдауға жауапты қызметкерлері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілмейтінін көрсетеді.

 Сондықтан, Бас прокуратураға жүгінген жағдайда шағымға облыстық немесе оған теңестірілген прокурордың жауабының көшірмесін қоса беру керек екенін ескертеміз. Бұл ретте прокуратура органдарының лауазымды тұлғаларының әрекеті немесе әрекетсіздігіне қатысты, сондай-ақ өтінішті қарау нәтижесімен қабылданған шешімге шағым бағыну тәртібімен жоғары тұрған прокурорға жазылады.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, талданып отырған санаттағы өтініштер бойынша прокуратура органдары азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдаған, барлық арызданушылар өз өтініштерінің қаралу нәтижелері туралы ақпараттандырылған.

Осыған орай елорда тұрғындарын прокуратура органдарына өтініш беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарын белсендірек пайдалануға шақырамыз. Осы пилоттық жобаның өзге өңірлерде одан әрі дамуы аталған жұмыстың нәтижелілігінен тәуелді болады.

 

Роза Бөлекбаева, Бас Прокурордың аға көмекшісі – Бас прокуратураның өтінішітерді қарау және азаматтарды қабылдау жөніндегі тобының жетекшісі.

 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.