Прокуратура органдарына қызметке орналасу үшін құжаттар қабылдау мерзімі ұзартылды

07 қараша 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдарына қызметке орналасу үшін құжаттар қабылдау мерзімін Бас прокуратура 2016 жылғы 25 қарашаға дейін ұзартты.

Жинақтау 50 бос қызмет орнына жүргізілетін болады.

Функционалдық міндеттер, кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары, құжаттардың тізбесі және қабылдау орны туралы мәліметтер  Бас прокуратураның («Прокуратура органдары жүйесіне қызметке қабылдау» бөлігінде), облыстық прокуратуралардың, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ресми сайттарында жарияланған.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу