You are here

Прокуратура органдарына қызметке қабылдау туралы хабарландыру

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокуратура органдарына қызметке қабылдау туралы хабарландыру - 1470891621

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2016 жылғы 15 тамыздан бастап республикалық және облыстық БАҚ-та прокуратура органдарының бос лауазымдарына конкурстар туралы хабарландыру жариялауды бастайды.

Қатысуға ниетті адамдар бүгінгі күннен бастап-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокуратуралары, Бас көлік прокуратурасы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, Құқық қорғау органдары академиясының кадр қызметтеріне жүгіне алады.

Конкурс туралы жарияланғанға дейін кандидаттарды алдын ала іріктеу және зерттеу жүргізіледі. Ол үшін құжаттарды тапсыру, заңнаманы білуге тестілеуден өту, қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарында міндетті арнайы тексеруден өтуі қажет. Бұл рәсімдерден өту үшін жоғарыда аталған прокуратура органдарының кадр қызметтері еш кедергісіз жолдама береді.

Бұрын алдын ала іріктеуден өткен кандидаттар, заңнаманы білуге тестілеудің, арнайы тексерудің нәтижелерін және медкомиссияның қорытындысын пайдалану мерзімі өткен жағдайда, әрі қарай конкурсқа қатысу үшін қайтадан осы рәсімдерден өтулері тиіс.

Бос лауазымдардың тізімдері 2016 жылғы 1 тамыздан бастап прокуратура органдары жүйесінің ақпараттық ресурстарында жарияланатын болады.

Барлық сұрақтарға толық түсіндірулер мен жауаптарды прокуратура органдарының кадр қызметтерінен, сондай-ақ www.prokuror.gov.kz сайтынан алуға болады (Прокуратура органдарына қызметке кіру тәртібі туралы жадынама, Бас Прокурордың 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығы, Бас Прокурордың 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығы).

 

Ең үздіктер прокурор болады!

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.