You are here

Прокуратура органдары жас мамандарының кәсіби деңгейін арттырудың республикалық курсының ашылуы туралы баспасөз ақпараты (2014 жылғы 12-ші мамыр)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың қатысуымен прокуратура органдары жас мамандарының кәсіби деңгейін арттырудың бірінші республикалық курсы ашылды.

Бас Прокурор атап өткендей, Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Құқық қорғау органдарының құқықтық саясаты тұжырымдамасын жүзеге шеңберінде қадағалау органдарының алдына қойылған басты міндеттердің бірі тиімді кадрлық әлеуетті қалыптастыру және нығайту болып табылады. Прокурорлық қадағалаудың тиімділігі, азаматтардың сенім деңгейі қызметкерлердің кәсібилігіне және құзіреттілігіне, олардың іскерлік және моральдік қасиеттеріне тәуелді.

Сондықтан жас мамандарды даярлау және олардың кәсіби қалыптасу мәселелері ерекше маңыздылыққа ие болады.

Жас прокурорларға арнап сөз сөйлей отырып, А.Дауылбаев оларға әрдайым қойылатын талаптарға жоғары деңгейде сәйкес келуге, өздерінің қызметтік міндеттерін ойдағыдай орындауға, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың, қоғам мен мемлекет мүдделерінің күзетінде болуға, күнделікті еңбекпен прокуратураның беделін нығайтуға, прокурорлық этиканың нормаларын мүлтіксіз сақтауға, прокурорлық кәсіптің керемет дәстүрлерін көбейтуге шақырды.

Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің өкілдері, еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының жетекшілері, прокуратура органдарының ардагерлері жас мамандарға жылы лебіздерін білдірді.

Екі апталық курстар барысында тыңдаушылар алдында Бас прокуратураның департамент басшылары, өңірлік прокурорлар сөз сөйлеп, жас мамандармен қадағалау қызметінің негізгі бағыттары бойынша тәжірибелерімен және білімдерімен бөліседі.

Сонымен қатар оқыту бағдарламасында шешендік өнер, көшбасшылық қасиеттер, заңгерлік хаттардың техникасы тәрізді қажетті қосымша дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы сабақтар, сондай-ақ стресс тұрақтылығы бойынша тренингтер өткізу жоспарланған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.