Прокуратура қызметкерлері отбасыларының қатысуымен спорттық сайыстар өтті (Астана, 2016 жылғы 23 шілде)

23 шілде 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ел тәуелсіздігінің және прокуратура органдарының 25 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде прокуратура органдары қызметкерлері балаларының қатысуымен көңілді отбасы додасы мен балалар арасындағы футболдан турнир өткізілді.

Көңілді отбасы додасы сайысына прокуратура органдарының қызметкерлері мен олардың балаларынан құралған командалар  қатысып, әртүрлі спорттық ойын жарыстарына жарысты (скакалкамен секіру, жүгіру, арқан арту және т.б.).

Футбол сайысы прокуратура органдары қызметкерлерінің балалары арасында өткізілді.

Турнирге әділ баға беру үшін прокуратура қыметкерлерінен құралған қазылар қатысты.

Сайысқа қатысқан барлық қатысушылар Бас Прокурор Жақып Асановтың атынан алғыс хатқа ие болды, ал жеңіске жеткен бүлдіршіндер мен командаларға марапаттау қағаздары беріліп, сыйлықтар ұсынылды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу