Прокуратура қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналыс туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 6 желтоқсан 2013 жыл)

06 желтоқсан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін прокуратура күніне орай Бас прокуратурада салтанатты жиналыс болып өтті.

Мереке құрметіне байланысты жиналған прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлерінің алдында Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель сөз сөйлеп, қазіргі сәтте АҚШ пен Канадада халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру мәселелерімен қызметтік іссапарда жүрген Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың құттықтау жеделхатын оқып берді.

Бас Прокурордың құттықтауында атап көрсетілгендей, прокурорлық қадағалау қоғам өмірінің барлығына дерлік маңызды салаларын қамтиды, ал тиімді құқық қорғаушылық мақсат пен заң үстемдігі оның қызметінің негізгі мазмұны болып табылады. Прокурорлардың күш-жігері қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақтылықты нығайтудың, азаматтардың еңбек және экономикалық құқықтарын қорғаудың ең маңызды бағыттарына шоғырландырылған. Прокуратура қызметкерлерінің әрбір толқыны өздерінің кәсіби шеберліктерін дәлелдеп және таңдап алған кәсіптеріне адалдық таныта отырып, қадағалау органдарының қалыптасу шежіресіне өз үлестерін қосып келеді.

Салтанатты жиналыс барысында ең жылы лебіздер өз өмірлерінің ұзақ жылдарын прокуратура органдарында қызмет етуге жұмсаған ардагерлерге арналды. Жас мамандардың бүгінгі таңдағы тиімді жұмыстарын ардагерлердің сіңірген еңбегі ретінде бағалауға толықтай негіз бар екені атап өтілді. Прокуратура органдарында ардагерлердің тәжірибелері мен кәсіби шеберліктері бұрынғыдай сұранысқа ие болып отыр.

Іс-шараның салтанатты бөлігінен кейін прокуратура органдары қызметкерлерінің күшімен дайындалған және Республикалық Гвардияның Рәсімдік ротасының қатысуымен өткен мерекелік концерт болды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу