Прокуратура қызметкерін ұстауға қатысты БАҚ үшін ақпарат (Астана қ., 2016 жылғы 22 қазан)

22 қазан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Пара алды деген күдікпен ұсталған Ақмола облысы аудандандық прокуратуралары бірінің қызметкері 2 айға дейін қамауға жабылды. Бас Прокурордың аға көмекшісі, жедел-тергеу тобының жетекшісінің бұл ұсынысын Астана қаласы Алматы ауданының №2 соты толықтай қолдады.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылы 18 қазанда Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік басқармасы жоғарыда аталған аудандық прокуратура қызметкерін «М» деген азаматшадан пара алу үстінде ұсталды. Ол туралы БАҚ-на ақпарат берілді.

Тергеу жалғасуда.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу