Прокуратура қызметкері пара алу күдігімен ұсталды

30 наурыз 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

29 наурыз күні Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті қызметкерлерімен Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Д. Әбдіхалық және бұрын сотты болған А. Өтешбаев ұсталды.  

Д.Әбдіхалық 1,2 млн теңге мөлшеріндегі параны  А. Өтешбаев арқылы алуға оқталғаны үшін күдікті. 

Ақшалай қаражат Тараз қаласындағы ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанды қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру (қоныс колониясы) мәселесін шешу үшін берілмек болған.

Қазіргі таңда екеуі де ұсталып, Тараз қаласындағы ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Іс бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Қосымша ақпарат тергеуге байланысты жария етілмейді.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу