You are here

Прокуратура күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара туралы баспасөз ақпараты (Астана, 5 желтоқсан 2014 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада кәсіби мереке - Прокуратура күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.

Тәуелсіздік жылдары Мемлекет басшысының қолдауының арқасында прокуратура құқық қорғау жүйесінің алдыңғы қатарлы институттарының біріне айналды, - деді Бас Прокурор. Прокуратура адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің тиімді қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі маңызды құқықтық институт бола отырып, мемлекеттік билік жүйесінде ерекше орын алады.

Қадағалаудың басты бағыттары уақыт талабына сай анықталып отыр. Прокурорлық қадағалаудың әлеуметтік бағыттылығын одан әрі дамыту, халықтың материалдық әл-ауқатын қамтамасыз ету, қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтау мәселелері қызметтің басым бағыттары ретінде қала бермек.

Кейінгі жылдары қаржы дағдарысынан туындаған заң бұзушылықтарды жою, азаматтардың еңбек құқықтарын, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының, кәсіпкерлер мен мемлекеттің мүдделерін қорғау прокурорлардың қашанда басты назарында. Сыбайлас жемқорлықпен күресу және экстремистік қозғалыстарға тосқауыл қою бойынша ауқымды шаралар іске асырылуда.

Еліміздегі заңдылықты нығайту бойынша прокуратура органдары жүргізіп отырған жұмыстар мемлекет тарапынан да жоғары бағалануда. Прокуратура қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбек жағдайларын жақсарту жөнінен біртіндеп жүзеге асырылып жатқан шаралар осының дәлелі болып табылады. Биылғы жылдың өзінде жергілікті жерлерде прокуратуралардың он бір ғимараты салынып, пайдалануға берілді және оларда жемісті еңбек етуге барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Кәсіби мерекенің құрметіне орай А.Дауылбаев озат та үлгілі қызметтерімен көзге түскен және өзіне жүктелген міндеттерін мінсіз де табысты атқарған бірқатар қызметкерлерді сыныптық шендермен және ведомстволық наградалармен марапаттап, олардың барлығына заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы жауапты жұмыстарды жүзеге асыруда одан әрі де жемісті жетістіктерге қол жеткізуге тілектестік білдірді.

Салатантты іс-шара прокуратура қызметкерлері әзірлеген мерекелік концертке ұласты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.