You are here

Прокуратура ардагерінің мерейтойы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Қазақстанның белгілі заңгерлерінің бірі, прокуратура органдарының ардагері, 3 сыныпты мемлекеттік кеңесші Ғарифолла Құрманқожаұлы Өтебаевтың құрметіне арналған салтанаты жиын болып өтті. Ардақты ардагерді 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтауға оның әріптестері, достары және өзі тәлім берген шәкірттері жиналды.

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев мерейтой иесінің мемлекет игілігі үшін сіңірген еңбегін, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті.

Ғарифолла Өтебаевтың мәнді де мағыналы еңбек жолының өзі үлгі тұтарлықтай. Өзінің қырық жылдан астам өмір жолын қиындығы мен жауапкершілігі мол қадағалау органдарындағы қызметке арнап, кәсіпқой маман және бірегей тұлға ретінде қалыптасты. Қызметін аудандық прокуратураның тергеушілігінен бастаған ол Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымына дейін өсті, Көкшетау, Қарағанды, Алматы облыстарының прокуроры, Бас прокуратураның жанындағы Біліктілікті арттыру институтының басшысы қызметтерін атқарды.

Осындай жауапты орындардың барлығында ол өзінің бойындағы іскерлік және ұйымдастырушылық қабылеттерін барынша көрсете білді. Нағыз білікті кәсіпқой маман және дарынды басшы ретінде оны терең білімі, жанқиярлығы мен жауапкершілігі, талғампаздығы мен талапшылдығы, өзінің қызметтік және азаматтық борышын адал атқаруға деген ұмтылысы қашанда дараландырып тұратын еді.

Жемісті ғылыми жұмыс – прокуратура ардагері атқарған еңбектің және бір маңызды қыры. Заң ғылымдарының докторы Өтебаевтың терең ғылыми ізденістері замнауи құқықтың түрлі даму аспектілерін, прокурорлық қадағалаудың, қылмыспен күрестің тиімділігін арттыруды қамтыды.

Ғарифолла Өтебаев прокуратура қызметкерлерінің бірнеше буынына дәріскер әрі тәлімгер болды. Бүгінде ардақты ардагер құрметті демалыста болғанына қарамастан, белсенді саптан шыққан емес, қоғамдық жұмыстарға белесене араласып, өзінің терең білімі мен бай тәжірибесін өскелең ұрпақпен бөлісуде.

Мерейтой иесін әріптестері мен достары айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, оның ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін шексіз алғыстарын білдіріп, оған мықты денсаулық, игілікті ұзақ ғұмыр, және толайым табыстар тіледі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.