Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қайрат Қожамжаровтың Бас прокуроратураға сапары туралы БАҚ үшін ақпарат (Астана қ., 2013 жылғы 14 ақпан)

14 ақпан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен жиналыс болып өтті.

Кеңесте прокуратура органдарының қадағалау және құқық қорғаушылық қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ құқықтық статистиканы қалыптастыру бойынша алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері  талқыланды.

Жиналыс барысында Бас прокуратураның бірыңғай тегін «115» номерлі Call-орталығына азаматтардан түсетін арыздарды қабылдау тәртібі көрсетіліп, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық мүмкіндіктері таныстырылды («Өтініштерді, ақпараттарды электронды есепке алу кітабы», «Айқын», «Электронды талон», «Бизнес тірегі», «Қылмыстылық картасы», «Жол-көлік оқиғаларының картасы»).

Қ.Қожамжаров құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін айтарлықтай арттыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инновациялық жобаларды жүзеге асырудың нәтижелерін оң бағалады, сондай-ақ ақпараттық технологияларды одан әрі енгізу және күш құрылымдарының ведомстволық мәліметтер базаларын бір жүйеге біріктіру жөніндегі ұсыныстарды қолдады.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.kz

twitter.com/#!/GenProkRK

facebook.com/GenProkRK

www.youtube.com/user/GenProkRK

vk.com/GenProkRK

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу