You are here

Президенттік резервті даярлау курстарының кезекті ағымының аяқталуы туралы баспасөз ақпараты (Астана, 25 қараша 2016 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Құқық қорғау органдарының академиясында өткен Президенттік резерв кадрларын даярлау курстарының үшінші ағымының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель іс-шараны ашып, резервистерді болашақта бұдан да жауапты басшылық қызметке даярлауда оқыту курстарының маңыздылығын атап өтті,  түлектерді оқуды сәтті аяқтауларымен құттықтады.

Академия ректоры Ұлан Байжанов оқу процесін қорытындылай отырып, таңдап алынған оқыту әдістері өз тиімділігін көрсетіп, нәтиже беріп жатқанын атап айтты. Осыған дейін өткіліген Президенттік резервті даярлау курстарының 6 түлегі облыстық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары болып тағайындалды. Қазіргі уақытта олар алған білімдері мен дағдыларын тәжірибе жүзінде пайдаланып келеді.

Курстардың үшінші ағымының тыңдаушылары ретінде ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Экономикалық тергеу қызметінің 13 басшы қызметкері қатысты.

Оқыту процесінің негізгі бөлімі қалыпты және ерекше жағдайларда ұжымды тиімді басқару, стратегиялық жоспарлау, басшының көшбасшылық қасиеті мен жеке тиімділігі мәселелеріне арналған. Бағдарламада түрлі кризистік жағдайларда келіссөз жүргізу тактикасына ерекше назар бөлінген. Жалпы алғанда, оқыту кезеңінде тыңдаушылар 120 сағат көлеміндегі оқу материалдарын игерді.

Тренингтерді беделді ғалымдар мен практиктер, соның ішінде мемлекеттік органдардың басшылық құрамының өкілдері жүргізді. Оқыту курстарын ұйымдастыруға Еуропалық Одақтың  "Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру" жобасының қатысушылары белсенді көмек көрсетті. ЕО жобасының сарапшысы, полициялық құзыреттілік пен кәсіби дағдыларды жетілдіру мәселелері бойынша тренер Дэвид Стюарт тыңдаушылардың белсенді жұмысы мен олардың жоғары деңгейдегі дайындығын, жаңа білім алуға деген талпынысын атап өтті.

Оқыту курстарының жабылу салтанатының қорытындысы ретінде резервистерге сертификаттар мен төсбелгілер табысталып, өзін ерекше көрсеткен тыңдаушылар мен сарапшыларды марапаттау рәсімі өтті.

 

Бас прокуратураның жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.