Президенттік резервте тұрған қызметкерлерге арналған кәсіби деңгейді арттыру курстарының ашылуы туралы баспасөз ақпараты

01 тамыз 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Президенттік резервте тұрған қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру курстарының ашылу салтанаты өтті.   

Оқытудың негізгі мақсаты – тыңдаушылардың басқарушы лауазымға тағайындалуы үшін қажетті кәсіби дағдылары мен басқару біліктілігін жетілдіру.

Іс-шараны аша отырып, Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель аталған курстардың резервистерді келешек жауапты жұмысқа даярлаудағы маңыздылығы мен практикалық пайдасын атап өтті.    

Академия проректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров, қатысушыларды курс бағдарламасының ерекшелігімен таныстыра келіп, барлық тыңдаушыларды белсенді әрі нәтижелі жұмыс істеуге шақырды.        

Оқыту күнделікті және дағдарыстық жағдайда ұжымды тиімді басқарудың кәсіби дағдыларын дамыту мен жетілдіруге бағытталған. 

Бір айлық курстың тақырыбы ұлттық қауіпсіздік, терроризм мен экстремизге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстарды ашуда заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану тәрізді стратегиялық және бүкіл ел үшін өзекті мәселелерді де қамтиды. 

Іс-шараға дәріс оқушы ретінде жетекші отандық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшы құрамының өкілдері қатысатын болады.         

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу