Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары мен мекемелерінің жеке құрамын мәдени-эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу, прокуратура органдарында қызмет атқарудың беделін көтеру, сондай-ақ прокуратура органдарының қызметкерлерінің жұмысы туралы қоғамдық оңды пікір қалыптастыру мақсатында, прокуратура органдарының қызметкерлерінің балалары салған суреттер бойынша Бас прокуратурамен байқау өткізілді.

Байқауға республикамыздың 14 облысынан өкілдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аппаратының, Бас прокуратура жанындағы С.Есқараев атындағы Институттың, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қызметкерлерінің балалары   қатысты.

«Менің ата-анамның мамандығы», «Менің Қазақстаным» тақырыптары бойынша көрмеге 102 баланың жұмысы толығымен қойылды.

Байқаудың қатысушылары жалпы 3 жастық санаттағы балалар болып табылады: 2 жастан 5 жасқа дейін, 5 жастан 8 жасқа дейін, 8 жастан 16 жасқа дейінгі балалар.

Байқауға қатысушы балалардың композициялары Бас прокуратураның ресми сайтына орналастырылды, оған кірген әрбір интернет пайдаланушы өзіне ұнаған жұмысқа дауысын берді.

Жастық санаттар бойынша байқаудың жеңімпаздары мыналар болып  табылады: 2 жастан 5 жасқа дейін – Мағжан Сұлтан және Қалин Төрехан, 5 жастан 8 жасқа дейін – Мағжанова Анель, Қабиденова Сабина, Ғаббас Данабек, 8 жастан 16 жасқа дейін – Тайменов Қуаныш, Банковская Дана, Ермекбаева Диана, Өркен Өрлеу, Патсаева Диана.

Жұмыс авторлары-балалардың жарқын да әдемі суреттері прокуратура органдарының қызметкерлерінің кәсіби мерекесін мерекелеу күні Бас прокуратура ғимаратының галереясына сән беріп тұрды.

Қызметкерлердің пікірлері бойынша балалар суреттерінің байқау-көрмесі балалардың өз отанына деген көзқарасының шынайы көрінісімен, сондай-ақ кәсіби өзгешелігімен айрықша ерекшеленеді.

Балалар суреттерінің қалғанын жеңімпаздардың суреттерімен бірге 2013 жылға арналған жыл сайынғы күнтізбені даярлауға пайдалану жоспарланып отыр.  

Бас прокуратураның Кадр жұмысы департаменті

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.