You are here

Баспасөз ақпараты (28 тамыз 2013 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2013 жылғы 27 тамызда 17 сағат 10 минут шамасында (Астана уақытымен) Жамбыл облысының Қордай ауданынын «Отар» станциясында орналасқан «Казахвзрывпром» Акционерлік қоғамының аумағында 122 мм оқсыз қару-жарақты жою жұмыстарын жүргізу барысында механикалық модульде оқ-дәрі жанған.

Нәтижесінде Сигаев Г.С., Есембаева Ж.Б., Алдабергенов А.Б., Мамутов А.А., Байтеміров Б.К., Бердалиев А.С. және Мұздыбаев К.Ж. әртүрлі ауырлықтағы термиялық күю жарақаттарын алып, соңынан Алдабергенов А.Б. және Есембаева Ж.Б., естеріне келместен көз жұмған.

Осы оқиға бойынша Гвардия гарнизонының әскери прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 246-бабы 2-бөлімімен қарастырылған «Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу» қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқарамасының Гвардия бөлімі «Казахвзрывпром» Акционерлік қоғамының лауазымды қызметкерлері және жұмысшыларынан жауап алып, 75263 әскери бөлімінің және Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің Қордай бөлімі мамандарының қатысуымен оқиға болған жерді қарау жалғастырылды. Осы жұмысқа Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығының сарапшы-маманының қатысуы күтілуде.

Бас әскери прокуратура

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.