You are here

ПРЕСС-РЕЛИЗ (30 мамыр 2013 жыл, Пекин қ.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Қытай Халық Республикасына іссапармен барып, онда ҚХР Әділет министрі У. Айинмен кездесті.

Кездесу барысында, тараптар қол жеткізілген ынтымақтастықтың деңгейіне қанағаттанатындықтарын айтып, қолданыстағы қарымқатынас базасын одан әрі дамыту мен кеңейту жұмыстарын жалғастыру қажет екендігі атап өтті.

А. Дауылбаев қытайлық тарапқа еліміздің құқықтық саланы реформалауда қол жеткізілген жетістіктер жөнінде хабардар етті. Қазақстан прокуратурасының қадағалау және құқық қорғау салада қол жеткізілген жетістіктер бойынша хабарлап, қылмыстық қудалауда адамның құқықтары мен бостандықтары прокурордың ерекше назарында екендігін атап өтті.

Кездесудің басқа тақырыпы ретінде ол сотталған адамдарды беру жөнінде болды. Тараптар 2011 жылдың ақпан айында жасасқан сотталған адамдарды беру туралы шарттың ратификациялау рәсімін тездетіп, оның келесі даму қадамдарының іске асырылуы жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл құжатқа қол қойылу өзекті болып табылады, себебі қазіргі таңда Қазақстанда ҚХР-дің 20 азаматы жазасын өтеп жатса, Қытайда Қазақстанның 15 азаматы жазасын өтеуде.

 Сонымен бірге, Бас Прокурор Қазақстанның құқық қорғау органдары ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылыққа қарсы күресте тәжірибесі бар мемлекеттермен конструктивті диалог құруға мүдделі екендігін атап өтті.

У. Айин қазақстан прокуратурсының мемлекеттің халықаралық-құқық саясатын жүзеге асырудағы қызметін жоғары бағалап,   стратегиялық міндеттер мен аумақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қазіргі әлемнен төнетін қауіпке қарсы тұру үшін, бірлескен міндеттердің одан әрі бірігіп шешуде ынтымақтастықтың дамуына мүдделі екендігін растады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.