You are here

ПРЕСС-РЕЛИЗ (30 мамыр 2013 жыл, Пекин қ.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Қытай Халық Республикасына сапары барысында, ҚХР Бас прокуроры Цао Цзяньминмен кездесті.

Кездесу барысында, тараптар екі ел прокуратураларының ынтымақтастығын күшейту жөнінде пікір алысты. Қазақстандық делегацияның осы сапары қалыптасқан жемісті ынтымақтастықтың одан әрі дамуына маңызды қадам болып табылатындығын, құқықтық жүйелердің даму тәжірибесімен өзара алмасуды атап өтті.

Кездесудің басты тақырыбы ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылыққа қарсы күресте екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дамуы болды. А. Дауылбаев қылмыстылық елеулі өзгерістерді бастан кешіріп, аумақтық деңгейдегі қауіпке айналғандығын, осы зұлымдыққа қарсы төтеп берудің тек бір жолы ретінде бірігіп күресудің қажет екендігін атап өтті.

Қазақстанның Бас Прокуроры өз әріптесін Қазақстанда терроризм мен трансұлттық қылмыстылыққа қарсы күресте жасалып жатқан жұмыстар жөнінде хабардар етіп, Қазақстанның прокуратура органдары конструктивті және өзара тиімді ынтымақтастыққа ашық екендігін хабардар етті. Сонымен қоса Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстылыққа қарсы күресте қытайлық тәжірибемен танысуға мүдделі екендігін атап өтті.

Тараптар өзара құқықтық көмек, экономикалық контрабанда, нақты қылмыстық істерді, сонымен бірге алдампаздық деректері мен қылмыстық жолмен ақшаны жылыстатуға қатысты қылмыстық істеріне көмек көрсету бойынша сұрақтарды жете түрде талқылады.

Ц. Цзяньмин өткен жылы Қытайдың Жоғарғы Халықтық Прокуратурасының өндірісінде Қазақстанның құқықтық көмек көрсету туралы он алты өтініші болған болса, ү.ж. бірінші тоқсанында осындай өтініштердің  жиырма бірі түскендігін атап өтті. Бұл ретте ҚХР прокуратурасы мен басқа да құқық қорғау органдары, қазақстандық халықаралық тергеу тапсырмаларын орындау үшін, бүкіл қажетті амалдарды жасайтындықтарын растады.  

Қытайдың Бас прокуроры ынтымақтастық сұрақтарында екіжақты кездесуді жоғары бағалап, ынтымақтастық динамикасын дамытуды қолдап оны одан әрі күшейту туралы ұсыныс келтірді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.