ПРЕСС-РЕЛИЗ (26 маусым 2013 жыл, Астана қ.)

26 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель Біріккен Араб Әмірліктері Әділет министрлігінің өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында еліміздің құқық қорғау органдарымен аса ауыр қылмыс жасағандары, оның ішінде басқаның мүлкін ірі мөлшерде  ұрлағандары үшін, әмірліктер аумағында іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарын экстрадициялау сұрақтары талқыланды. И.Меркель араб әріптестерінің қолдауымен қылмыскерлер елдеріне экстрадицияланып, тиісті жазаларын тартатындықтарына сенетіндігін айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында сотталған адамдарды беру туралы Шартқа жақын арада қол қоюға қатысты мәселелер кездесудің басты тақырыптарының бірі болды. Аталмыш Шарт екі жақты халықаралық-құқықтық қарым-қатынастардың одан әрі дамуына қомақты үлес қосады деп жоспарлануда.

Тараптар мемлекет аралық шарттарды жүзеге асыруға қатысты, екіжақты қарым-қатынасты белсендетуге ниетті екендіктері туралы хабарлады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу