Пресс-релиз (12 маусым 2013 жыл, Астана қ.)

12 маусым 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Словак Ұлттық Кеңесі төрағасының Қазақстанға сапары барысында Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Словак Республикасының Әділет министрі Томаш Борецпен кездесуі өтті.

Сұхбат барысында өзара қызығушылық келтіретін кең ауқымды мәселелер талқыланды, соның ішінде қылмысқа қарсы күрес саласы.

Әнгіменің маңызды тақырыбының сұрағы жақын арада екіжақты Қазақстан мен Словакия арасында Құқықтық көмек туралы шартқа қол қою жөнінде болды, өз кезегінде бұл екіжақты қарым-қатынасқа қосымша  импульс келтіреді.

Т.Борец мемлекеттің халықаралық-құқықтық саясатын жүзеге асырудағы Қазақстан прокуратурасының қызметін жоғары бағалап, Словакияның Әділет министрлігі шарттың тез арада қол қойылуына және оның жүзеге асырылуына бүкіл күштерін жұмсайтындықтары жөнінде куәландырды.

Кездесу барысында сұхбаттасушылар заңдылықты және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтарынан туындайтын жалпы міндеттерді, қазіргі әлемнің шақыруы мен қауіп-қатеріне қарсы күрестің үйлестіруіне күш жұмсау жөніндегі өзара мүдделі ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендіктерін растады. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу