You are here

Полиграфологиялық зерттеуді жүргізу мәселелері жөніндегі семинар туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада «Құқық қорғау органдарында полиграфологиялық зерттеудің құқықтық, ұйымдық-әдістемелік аспектілері» тақырыбына семинар өткізілді.

Оның жұмысына Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Мемлекеттік кіріс комитетінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Қорғаныс және Әділет министрліктерінің өкілдері қатысты.

Семинар барысында полиграфологиялық қызметті қамтамасыз ету, оның ішінде материалдық және еңбек ресурстарына, кезекті ауқымды аттестаттауды жүргізу, зерттеу қорытындыларының әрекет мерзімдеріне және басқасына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша семинарға қатысушылар полиграфологиялық қамтамасыз ету мәселелерінің біртұтас банкі қалыптастырылатын, оларды шешу жөніндегі нұсқаулықтар, сондай-ақ әдістемелік құралдар әзірленетін полиграфологтардың ведомствоаралық комиссиясын құру туралы ұсыныс жасады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.