Пікірлерге құқықтық баға берілетін болады

20 маусым 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Әлеуметтік желілерде пайдаланушы Бауыржан Есеновтің АҚШ-тағы террористік актіні ақтап жазған пікіріне қатысты Бас прокуратура келесіні хабарлайды.

Б.Есенов бүгінде прокуратура органдарының қызметкері емес. Бұрын ол 2007 жылдан 2012 жылға дейін прокуратура органдарында қызметте болған.

2012 жылдың қыркүйек айында Бас көлік прокурорының бұйрығымен Б.Есенов кезектен тыс аттестаттаудың қорытындысымен лауазымына сәйкес келмеуіне байланысты Жамбыл көлік прокурорының көмекшісі лауазымынан босатылып, прокуратура органдарынан шығарылды.

Б.Есенов жариялаған материалдар процестік шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолданды.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу