You are here

Павлодар облысының прокуратурасында халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2016 жылғы 10 тамызда Павлодар қаласында облыс прокурорының төрағалық етуімен облыс әкімінің орынбасары, қала әкімі, қала әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарының басшылары , БАҚ өкілдерінің қатысуымен және бейне конференция байланысы арқылы қала, аудан прокурорларының, аудан әкімдерінің, аумақтық жұмыспен қамту орталықтары басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Алқа отырысында 2015 жылы және 2016 жылдың өткен кезеңінде жұмыс берушілердің Жұмыспен қамту орталықтарына бос жұмыс орындары туралы толық әрі уақытылы мәлімет жіберуі бойынша халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуына жүргізілген тексеріс  нәтижелері талқыланды.

Қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталықтарында есепте тұрған жұмыссыздар саны3 105  адамды құрап отыр, оның ішінде376адамның жоғары білімдері бар, 885 – орта арнаулы, 232 – бастауыш кәсіптік, 1 612адамныңбілімі жоқ.

Бос жұмыс орындары туралы Жұмыспен қамту орталықтарына хабарлама жіберу меншік нысанына қарамастан әрбір жұмыс берушінің міндеті болып табылады.

Павлодар облысының прокуратурасы 600-ден астам мемлекеттік мекемелер мен ведомстволарда аталған талаптардың сақталуы бойынша тексеру жүргізді, 6 мыңнан астам заң бұзушылық фактілері анықталды. Басым бөлігі білім беру саласында - 3 мыңнан астам және денсаулық сақтау саласында - 1 мыңнан астам.

Мәселен, Екібастұз қаласының тұрғыны М.К. жұмыспен қамту орталығында жүргізуші болуға қабілетті жұмыссыз ретінде тіркелген.

Ағымдағы жылғы наурыз айынан бастап шілде айы аралығындағы кезеңде бұл жұмыссыз тұлға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу жағдайына жалпы сомасы 52 208 теңге әлеуметтік төлем алған.

Ал 2016 жылғы ақпан айында Екібастұз қаласы әкімдігінің бір мекемесінде жалақысы 45 000 теңгені құрайтын жүргізушінің бос жұмыс орны болған. Хабарлама жіберілмеген және М.К. жұмысқа орналаса алмаған.

Тағы да бір мысал, «Екібастұз қаласы №25 қазақ әйелдер гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілі мұғалімінің орны бір жыл бойы бос тұр. Жұмыспен қамту орталығына хабарлама жіберілмеген.

Бұндай мысалдар өте көп. Бұл ретте жеке кәсіпорындар тексерілген жоқ, алайда аталған талап меншік нысанына қарамастан барлық мекемелерге қатысты.

Тексеру қорытындысының талдауы бойынша халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекет саясаты тиісті деңгейде жүргізілмейтінінкөрсетті.

Жекелеген басшылар өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқармайды, осының салдарынан мамандықтары бойынша сұраныс болса да, жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар жұмысқа орналаса алмай отыр.

Тексеру қорытындысы бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді, 146 тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 33 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокурорлық ықпал ету шараларымен  бос жұмыс орындары туралы 473 хабарлама жіберілді. Бүгінде тексеру кезеңінен бастап  263 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастыру процесі жалғасуда.

Тексеру нәтижелері мен қорытындылары облыс әкімінің атына енгізілген ұсынымда көрсетілді, сондай-ақ онда келесідей ұсыныстар жасалды:

  • лауазымды  тұлғалардың атқарып отырған қызметтеріне сәйкестігіне дейін жауапкершілік туралы мәселе қарастырылсын;
  • әрбір жұмыссыз тұлғаның басқа аудандар, қалалар және Республиканың

жұмыссыздар бойынша деректер базасына қолжетімділігі қамтамасыз етілсін;

  • уәкілетті органдар басқа кәсіпорындар қызметінде осы мәселе бойынша

толыққанды тексеріс жүргізсін.

Аталған заңнама талаптарын сақтау мәселесіне прокуратура органдарыбақылау тәртібінде қайта оралады.

Павлодар облыс прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.