You are here

Өзара құқықтық көмек көрсету мәселелеріне арналған кездесу

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Еуропа елдеріндегі арнаулы өкілі Ұлан Байжанов Монако Князьдігінің Әділет министрі, Мемлекеттік кеңес төрағасы Филипп Нарминомен кездесті. Кездесу барысында екіжақты халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, Қазақстан мен Монако Князьдігі арасындағы өзара құқықтық көмек туралы келісім-шарттың ережелері түпкілікті түрде келісілді. Тараптар бұдан әрі оған қол қойылуы үшін қажетті барлық мемлекетішілік рәсімдердің келісілуден өтуін ағымдағы жылғы қыркүйек айына дейін қамтамасыз ететін болып уағдаласты.

Осы орайда, Ф.Нармино Қазақстанның Бас Прокурорын аталмыш келісім-шартқа қол қою мақсатымен осы елге ресми іс-сапармен келіп қайтуға шақырды

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.