You are here

«Өз мамандығының үздігі» республикалық ведомстволық байқаудың қорытындысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2014 жылғы 5 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада «Өз мамандығының үздігі» атты прокуратура қызметкерлері арасындағы ведомстволық байқаудың қорытындысы шығарылды.

Байқауды өткізудің мақсаты – жоғары білікті қызметкерлерді анықтау, қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру, кәсіби қызметті көтермелеу және ынталандыру, прокурорлық мамандықтың беделін көтеру болып табылады.

Үміткерлерге жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізумен қатар креативтік ойлау қабілеті, жұмысты жетілдіруге бағытталған жаңашыл идеялар, сондай-ақ үміткердің жеке басының қасиеттері мен моральдік бет-бейнесінің болуы басты талаптардың бірі ретінде қойылды.

Республикалық байқау комиссиясы кандидатураларды қарау қорытындысы бойынша 36 қызметкерді анықтады, олардың арасынан 17 номинант «Өз мамандығының үздігі» атағына ие болды, қалған 19 қызметкер үздік қызметкерлер тізіміне енгізуге ұсынылды.

Бүгін прокуратура күнін мерекелеу құрметіне орай өткізілген салтанатты жиналыста байқау жеңімпаздарына белгілер және дипломдар табыс етілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.