Өтеген Сейітовтің 95 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция

12 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада 1966-1984 жылдар аралығында Қазақ КСР-нің Прокуроры болған, 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, мемлекет және қоғам қайраткері – Өтеген Сейітовтің 95 жылдығына арналған «Прокурорлық қадағалау: тарихы, қазіргі жағдайы және даму перспективалары» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Форум жұмысына прокуратура ардагерлері, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесі, орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен практиктер қатысты.

Қатысушылар есімі тарихқа алтын әріптермен жазылған тұлға, үлкен беделге ие өз ісінің маманы Өтеген Сейітов туралы өз естеліктерімен бөлісті.

Аты аңызға айналған прокурор 40 жылдық еңбек жолын заң мен құқыққа батыл қызмет етуге арнаған, 18 жыл республиканың жоғары қадағалау органын басқарды. Оның мемлекетке сіңірген еңбегі, отандық прокуратураның дамуына қосқан үлесі сонша, бағалау қиын.

Кездесуде прокурор мамандығының тұлғалық және этикалық негіздері, қадағалаудың ең үздік дәстүрлерінің сақталуы мен олардың сабақтастығы талқыланды.

Өткен пікірталас шеңберінде прокуратураның беделін нығайту және азаматтардың сенімін арттыру тұрғысынан прокурордың адамгершілік-психологиялық қасиеттерінің өзекті мәселелері, кәсіптік жауапкершілік және мінез-құлықтың моральдық-этикалық нормаларының сақталуы талқыланды.

Сонымен қатар прокурор тұлғасын қалыптастыруда басшының рөлін күшейту, заманауи мамандарды даярлаудың тиімділігін арттыру, қадағалау органдарының кадрлық әлеуетін сапалы жаңарту сияқты маңызды аспектілер талқыланды.

Форумның екінші сессиясы қылмыстық процеске медиация институтын енгізу проблемалары мен перспективаларына арналды.

Қазақстанда медиацияның дамуына тиісті жағдайлар бар екені атап өтілді. Заңнамалық база бар, осы салада заңдылықты нығайту бойынша практикалық шаралар қабылданған.

Соңғы бес жылда медиаторлардың қатысуымен қаралған істердің саны сотта қаралған істердің жалпы санына пропорционалды түрде өсті. Егер 2013 жылы өндіріспен аяқталған істердің жалпы санының 5% ғана медиаторлардың қатысуымен қаралса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 23,5% құрады. 

Сонымен қатар, қылмыстық медиацияның заңнамалық негізін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды, тараптарды татуластыру процедураларын белсенді пайдалануға кедергі келтіріп отырған себептер қарастырылды.

Ең алдымен бұл тұтас медиаторлар қоғамдастығының мүдделеріне мемлекеттік деңгейде өкілдік ететін бірыңғай орталықтандырылған органның болмауы. Бұдан бөлек, сотқа дейінгі медиацияны жүргізуге тергеу органдарының мүдделі еместігі. Бұған қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында және сотта медиацияны қолданудағы едәуір тепе-теңсіздік дәлел - сәйкесінше 8,6% және 75,5%. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына қызмет көрсететін медиаторлардың қызметін мемлекеттің қаржыландыру қажеттігі.

Отырыс нәтижесі бойынша прокурорлық қадағалаудың құқық қорғау әлеуетін  жетілдіруге, сапалы кадрлық қамтамасыз ету жүйесін жасауға, Қазақстанда медиация институтын дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.

 

 

Бас прокуратураның жанындағы

Құқық қорғау органдарының академиясы

 

 

 Өтеген Сейітовтің 95 жылдығына арналған  ғылыми-практикалық конференция - 2112706779

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу