You are here

Отбасында үйлесімді қарым-қатынас құру мәселелері бойынша тренинг туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада «Отбасы. Балалармен қарым-қатынас» тақырыбында тренинг болып өтті. Оны «Харизма» оқыту және дамыту орталығының жетекшісі Людмила Серекбаева өткізді. Тренингті өткізу тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы форумының логикалық жалғасы болып табылады.

 Іс-шараны ашқан Академия ректорының м.а. Наиль Ахметзакиров оқытудың құқық қорғау органдары қызметкерінің әрбір қызметкері үшін ерекше мәні бар екенін атап айтты. «Уақытпен шектелмеген жұмыс кестесі, қызметтегі стресс көп жағдайда отбасылық проблемаларға әкеліп жатады. Сондықтан осы оқыту біздің қызметкерлерді үйлесімді отбасылық қарым-қатынастар құруға және өзара сыйластықты арттыруға көмектесуге арналған», деді ол.

Бүгінде прокуратурада түбегейлі өзгерістер болып жатыр, қадағалау органдарын трансформациялау бағдарламасы басталып кетті. Барлық керексіз және артық жұмыстардан бас тартып, хылықтың қажеттілігіне ден қоюға басымдық берілуде. Осы мақсаттарға жету үшін адам ресурстарын дамытуға, қызметкерлерді үздіксіз оқытуға назар аударылуда.

Тренингке қатысқан Бас прокурор Жақып Асанов отбасын нығайту, отбасылық құндылықтарды сақтау мен бала тәрбиесі мәселелерінің ерекше өзектілігін атап көрсетті. «Мемлекет пен қоғам жанұядан басталады. Отбасында адамгершілік және рухани қасиеттердің негізі қаланады. Сондықтан әрбір жанұяда сүйіспеншілік пен қамқорлық атмосферасы орнығуы тиіс», деді Жақып Асанов. Сондай-ақ, отбасылық қарым-қатынасты құрудағы өз тәжірибесімен бөлісті.

 Тренинг барысында прокуратура қызметкерлері кәсіби бизнес-тренерден құнды ақыл-кеңестер алды. Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушыларға Академия құрастырған «Педагог кеңестері» атты жинақ табыс етілді.Онда отбасындағы түрлі жағдайларға қатысты пайдалы кеңестер берілген.

Бас прокуратура жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі

academygp.kz
facebook.com/academygp
instagram.com/academygp
twitter.com/academygpkz
+7 7172 71 20 38

Теги: 
Отбасында үйлесімді қарым-қатынас құру мәселелері бойынша тренинг туралы - 793433522
Отбасында үйлесімді қарым-қатынас құру мәселелері бойынша тренинг туралы - 1625093845
Отбасында үйлесімді қарым-қатынас құру мәселелері бойынша тренинг туралы - 1671681371
Отбасында үйлесімді қарым-қатынас құру мәселелері бойынша тренинг туралы - 1846711748

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.