You are here

Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2014 жылғы 6 мамыр)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.

Жауынгерлеріміздіңерлігі мен жігер-қайратының көрінісіндей болған Отан қорғаушылар күні мерекесі – біздің еліміздің барлық ұрпақтарын рухани тұрғыда біріктіретінайтулы мейрам іспетті. Біз отан тарихының ерлік пен жеңіске толы парақтарын әрқашан мақтан тұтып, бабаларымыздың ерліктері туралы ерен естеліктердімәңгі есте сақтасақ, ал бүгінгі Отан үшін жан аянбай қызмет етіп жатқан, бейбітшілік пен халқымыздың тыныштығын қорғайтын азаматтарымызға деген құрметіміз ерекше.

Жиын барысында Бас Прокурор атап өткендей, Мемлекет басшысы прокурорлардың Отан алдындағы еңбектерін аса жоғары бағалады, сонымен қатар прокуратура органдарының бірқатар жетекшілері мен қызметкерлері жоғары сыныптық шендер мен әскери шендерге, сондай-ақ жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды.

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының прокуроры Серік Қарамановқа, Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Степан Зайтлерге және Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибрагим Имановқа 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені берілді.

Сондай-ақ Ақмола облысының прокуроры Мұратбек Исадилов, Қызылорда облысының прокуроры Сапарбек Нұрпейісов, Атырау облысының прокуроры Ғалымжан Тоғызбаев ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Сағынтай Рашқалиев ІІ дәрежелі «Айбын» орденіне ие болды. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Сарыөзек гарнизонының әскери прокуроры Дәулетбай Темірбеков марапатталды.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғандары және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлестері үшін прокуратура органдарының бірқатар қызметкерлері Бас Прокурордың қолынан кезектен тыс сыныптық шендер мен ведомстволық наградаларды тапсырып алды.

Ардагерлерді Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, А.Дауылбаев аға буын өкілдеріне шексіз құрмет пен алғыс белгісі ретінде ведомстволық наградалар тапсырды.

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің арасында Қазақстанның прокуратура органдары сапынан майданға аттанғандар да аз емес. Соғыстан кейін олардың көпшілігі өз өмірлерін қоғамдағы қылмыспен күресуге арнады. Біз сұрапыл соғыстың қиыншылығын бастан өткерген, өз өмірлерін заң мен құқық тәртібін қорғауға арнаған ардақты ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иеміз. Бүгінгі ұрпақ үшін олардың жауынгерлік ерліктері мен еңбек жолдары нағыз отансүйгіштіктің шынайы көрінісі, жас қызметкерлерді прокурор кәсібінің ең үздік дәстүрімен тәрбиелеудің үлгісі деп атап көрсетті Бас Прокурор.

Салтанантты іс-шара прокуратура органдарының қызметкерлері әзірлеген концертпен аяқталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.