You are here

Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.

Тәуелсіздік жылдарында Елбасының қолдауы арқасында армияның қауіпсіздік кепілі болып,  мемлекеттің алып күші мен қуатының кемелді көрінісіне айналғандығына тоқталған Бас Прокурор, еліміздің Қарулы күштері бүгінде мемлекетіміздің шын мәніндегі сенімді тірегі болып саналатындығын атап көрсетті.

Отан қорғаушылар күні еліміздегі барлық буын өкілдерінің басын біріктіретін мейрам. Біз Отанымыздың тарихындағы ерлікке толы кезеңдерді әрдайым қастер тұтып, батыр әкелеріміз бен қаһарман аталарымыздың жанқиярлық ерліктерін мәңгілік есте сақтайтын боламыз. Елдің ерлік тарихы парақтарын толықтырған қайсар жауынгерлерімізге бас иіп, тағзым етеміз. Сонымен қатар, бүгінде Отан сақшысы болып, елдегі бейбіт өмір мен тыныштықтың күзетінде тұрған арыс азаматтарымызға құрметіміз шексіз.

Асхат Дауылбаев ұжымды ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады. 9 мамыр барлық ұрпақ өкілдері үшін Отанға деген адалдықтың, қаһармандық пен ерліктің белгісі ретінде тарихымыздан айшықты орнын алған қасиетті күн болып табылады, - деді ол.

Барлық халықпен бірге біздің отандастарымыз да от кешті. 500 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанса, оның төртеуі бұл атаққа екі мәрте ие болу құрметіне бөленді. 

Соғыс ардагерлерінің қатарында прокуратура органдары сапынан майданға аттанған ағаларымыз көп, алайда солардың талайы шайқас даласынан оралмай қалды. Олардың жасаған ересен ерліктері мен жанқиярлық шайқастары жүрегімізден мәңгілік орын алмақ.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен прокуратура органдарының бірқатар басшылары жоғары сыныптық шендерге ие болып, мемлекеттік наградалармен марапатталды.

3-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Бас көлік прокуроры Ыбырай Тілеуғалиевке, Ақтөбе облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровке, Ақмола облысының прокуроры Мұратбек Исәділовке, Алматы облысының прокуроры Ғабит Миразовқа, Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Тайымбетовке, Атырау облысының прокуроры Ғалымжан Тоғызбаевқа және Бас прокуратураның 3-ші Департаментінің бастығы Тимур Тәшімбаевқа тапсырылды.

II дәрежелі «Даңқ» орденімен Астана қаласының прокуроры Сабыржан Бекбосынов пен Батыс Қазақстан облысының прокуроры Серік Қараманов марапатталды. І дәрежелі «Айбын» орденімен Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі Қайрат Абылқасов мараптталды.  ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Бас прокуратураның 5-ші Департаментінің бастығы Роза Досымбекова, Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Василий Олейник, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Берік Құлтасов, Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Асқар Досекенов мараптталды. «Жауынгерлік ерлігі үшін»  медалі Бас әскери прокурордың аға көмекшісі Дәулет Бекеновке тапсырылды.

Қызметтік парыздарын үлгілі атқарғандары үшін Бас Прокурор орталық аппараттың бірқатар қызметкерлеріне сыныптық шендер мен ведомстволық наградалар тапсырып, марапаттады.    

Салтанатты жиынға қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалін тапсырды.

Мерекелік іс-шара прокуратура органдарының қызметкерлері әзірлеген концертке ұласты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.