You are here

Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің Зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясы туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2015 жылғы 30 маусым)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Астанада Орталық және Оңтүстік Азия елдерініңзорлықэкстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясы өз жұмысын аяқтады.

Кездесудің екінші күнінің панельдік сессиялары экстремистік және террористік көріністердің профилактикасы мен оларға тосқауыл қоюдың тиімді тетіктерін құрудың іс жүзіндегі өзекті мәселелеріне арналды.

Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес саласындағы алдыңғы қатарлы сарапшылар, АҚШ, Ауғанстан, Бангладеш, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкстан, Ресей, Шри Ланканың халықаралық және қоғамдық ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі.

Радикалдық идеологияға жақын болудың себептері туралы өңірлік зерттеулерді талдауға арналған сессияда оны таратуға себепші болатын факторларды жоюдың өтімді тетіктерін жасау мәселелеріне басты екпін қойылды.

Үкімет пен қоғам арасындағы ынтымақтастықты дамыту тұрғысындағы кең ауқымды проблемалар талқыланды. Сөз сөйлеушілер атап өткендей, туындайтын қауіптерге қарсы күресте мемлекеттік құрылымдар мен жергілікті биліктің азаматтық қоғам институттарымен мүдделі серіктестікте болуы маңызды мағынаға ие болады.

Спикерлер осындай өзара қарым-қатынастың табысты үлгілерін көрсетіп, өңірдегі азаматтық қоғам бастамаларын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілігімен іске асырылған тиімді инновациялық бағдарламалар туралы әңгімелеп берді.

Осы жұмысқа жеке сектордың, кәсіпкерліктің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тартудың маңыздылығы аталып өтілді.

Конференция аясында терроризмге қарсы стратегияның жаңа нысандары мен әдістерін әзірлеу, сондай-ақ интернет пен әлеуметтік желілердегі экстремистік идеологияға тосқауыл қою жүйесін қалыптастыру   мәселелеріне арналған екі дөңгелек үстел болып өтті.

Қатысшылардың ортақ пікірі бойынша,бұл кездесу өңір елдері үшін өзекті және маңызды оқиға болды және замануи қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың тиімді жүйесін жасауға бағытталған неғұрлым тығыз халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін берді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.