You are here

Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің Зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясы туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2015 жылғы 29 маусым)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстанның елордасында Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясы өз жұмысын бастады.

Оның жұмысына әлемнің 24 елінен келген делегациялар, АҚШ, Еуроодақ және Ресей Федерациясының уәкілетті органдарының жетекшілері, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес саласындағы жетекші сарапшылар қатысуда.

Конференцияны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев ашты.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі Кеден-шекара қызметінің жетекшісі Гил Керликовски басқосуға қатысушыларға құттықтау арнады.

Сондай-ақ Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Нұрлан Ермекбаев және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Нұртай Әбіқаев сөз сөйледі.

 Астанадағы конференция ағымдағы жылдың ақпан айында Вашингтонда өткен  зорлық экстремизмге қарсы күрес жөніндегі саммиттің заңды жалғасы іспетті. Бұл форумды өткізу идеясын Орталық Азия өңіріндегі интеграцияның белсенді бастамашыларының бірі ретінде Қазақстан ұсынған болатын. Республика БҰҰ-ның терроризмге қарсы күрес жөніндегі негізгі конвенцияларына қосылған, елімізде ұлттық Терроризмге қарсы күрес орталығы құрылған және ол халықаралық және өңірлік осындай құрылымдармен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасасуда. ТМД, ШЫҰ, Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім жөніндегі ұйымның терроризмге қарсы күрестегі неғұрлым тиімді халықаралық-құқықтық институттарға айналып келе жатқан құрылымдары аясында шаралар қабылдануда.

Өз сөзінде Асхат Дауылбаев экстремизм мен терроризм қауіпінің ғаламдана түсуі барлық әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін неғұрлым терең шоғырландыруды, оған қарсы күрестің тиімді стратегиясын әзірлеуді талап ететіндігін атап көрсетті. Бұл өте күрделі міндет және әлемдегі қауіпсіздіктің тағдыры оның сәтті болуына тікелей байланысты. Сондықтан бірлескен күш-жігер ең алдымен радикалдық идеологияның таралуын ескертуге және оның жолын кесуге, зорлық экстремизммен күресуге дайын барлық сындарлы күштермен өзара тиімді қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Конференцияның күн тәртібінде зорлық экстремизмнің белең алуын болдырмау, оның қозғаушы күштерінің тамырына балта шабу жөніндегі тиімді саясатты қалыптастырға байланысты өзекті мәселелер тұр.

Алғашқы күні қатысушылар экстремизмді туғызушы себептер мен алғышарттарды, радикалды топтардан болатын қауіптерді, сондай-ақ әлеуметтік желілерде және интернетте экстремистік идеяларды таратуға, азаматтарды шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысуға азғырып көндіруге қатысты мәселелерді талқылады.

Экстремизмге тосқауыл қою жөніндегі ұлттық стратегиялар мен жоспарларды әзірлеу мәселелерін талқылау барысында қызу пікірталастар болды. Экстремизм мен радикализмнің әртүрлі формаларымен күресу жөніндегі мемлекеттік стратегиялар, терроризмнің қаржыландырылуын, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз айналымын анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі бірлескен шаралар, радикалдық көріністердің профилактикасы саласындағы жұмыс тәжірибесі мен ақпарат алмасу мәселелері талқыланды.

Мемлекеттің экстремизммен күрес жөніндегі күш-жігерін қолдаудағы жұртшылық пен үкіметтік емес ұйымдардың рөлі, осы жұмысқа азаматтық қоғам көшбасшыларын, соның ішінде жастардың, әйелдердің және діни ұйымдардың өкілдерін белсенді түрде тартудың маңыздылығы ерекше аталып өтілді.

Конференцияның арнайы сессиясы осы саладағы жұмыстарға инновациялық тәсілдерді қолдану мәселелеріне арналды. Әртүрлі елдердің құқық қорғау органдарының алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, қоғам өкілдерін тарту әдістеріне, азаматтық қоғам бастамаларын жүзеге асырудың тиімді тәжірибесіне жасалған шолу жиналғандардың назарына ұсынылды.

Сондай-ақ қатысушыларға Үкіметтік емес ұйымдардың Стамбулдағы зорлық экстремизмге тосқауыл қою жөніндегі конференциясының қорытындылары таныстырылды.

Форум жұмысының бірінші күнінің нәтижелері бойынша қорытынды құжат қабылданды, оны Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов жария етті.

Мәлімдемеде делегаттар зорлық экстремизмге қарсы күреске ұжымдық күш-жігер бағыттауға, өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге әзір екендіктерін мақұлдады. Осы мақсаттарда терроризмге қарсы тиімді стратегияны жасауға бағытталған жан-жақты қамтылған өңірлік бағдарлама әзірлеу қажет деп танылды. Аталған бастамалар ағымдағы жылдың қыркүйек айында Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында көрініс табатын болады.

Жиынның қорытындылары бойынша Бас Прокурор Асхат Даулбаев,  АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі Кеден-шекара қызметінің жетекшісі Гил Керликовски, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Нұртай Әбіқаев, БҰҰ Бас Хатшысының арнайы өкілі, Орталық Азия бойынша превентивтік дипломатия жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының басшысы Петко Драганов қатысқан баспасөз мәслихаты болып өтті.

 Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.