Оңтүстік Қазақстан облысында аудан прокуратурасының жаңа ғимаратының ашылуы туралы баспасөз ақпараты

21 қазан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы прокуратурасының жаңа ғимаратының ашылуына арналған салтанатты іс-шара болып өтіп, оған Бас Прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаев, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибраhим Иманов, облыстың құқық қорғау және мемлекеттік органдарының басшылары, прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Іс-шараға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Бас Прокурордың орынбасары Н.Исаев аудан прокуратурасының ұжымын құттықтап, оларға азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісінде одан әрі жетістіктер тіледі.

Жиналғандарды сондай-ақ прокуратура органдарының ардагерлері, Созақ ауданы әкімдігінің және бас мердігердің басшылығы құттықтады.

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу