You are here

Өңіраралық орталықтар құрылысы үшін бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуын тексеру нәтижелері туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура Білім және ғылым министрлігі қызметіндегі 2011-2013 жылдары кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша өңіраралық орталықтар құрылысы үшін бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізілді, оның барысында құрылыс бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда айтарлықтай кемшіліктер анықталды.

Атап айтқанда, Президенттің 07.12.2010 ж Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жастардың кәсіптік білім алуына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін 2014 жылға Атырау қаласында мұнай-газ саласы үшін, Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы үшін, Шымкент қаласында өңдеу және Өскемен қаласында машина жасау салалары үшін 4 өңіраралық кәсіптік орталықтың жұмыс істеуі қарастырылған.

2011-2013 жж. аралығында республикалық бюджеттен өңіраралық орталықтар салу үшін Министрлікке 11,4 млрд. теңге бөлінген. Алайда, жоспарланған 4 объектінің ішінде тек біреуі ғана Атырау қаласында салынып, пайдалануға берілген.

Министірліктің және оған ведомстволық бағыныстағы «Қазақстан Республикасының салынып жатқан білім және ғылым объектілерінің дирекциясы» ЖШС лауазымды тұлғалары тарапынан жіберілген заң бұзушылықтар нәтижесінде 8,3 млрд. теңге мөлшерінде республикалық бюджеттің мемлекеттік қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілген.

2013 жылғы қарашада Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұз қаласындағы өңіраралық кәсіби орталықтың құрылысы барысында орындалған жұмыс көлемін асырып көрсету және олардың жобалау-сметалық құжаттамадан 10,8 млн. теңгеге ауытқу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта Екібастұз қаласындағы кәсіби орталықтың құрылысы құрылыс нормативтерінің өрескел бұзылуына байланысты тоқтатылды, өйткені ол монолиттік жабындардың майысуына, салмақ түсетін темірбетон конструкцияларының жарылуына әкеп соқтырған.

Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Өскемен қаласындағы өңіраралық кәсіби орталықтың құрылысы барысында 1,1 млрд. теңге сомаға бюджеттік қаражатты ұрлау фактісі бойынша Білім және ғылым министрлігінің бұрынғы вице-министріне және басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеумен аяқтады, оларға Қылмыстық кодекстің 176-бабы 4-бөлігінің «б» тармағы (қызмет бабын пайдаланып бюджеттік қаражатты ірі көлемде ұрлау) бойынша айып тағылды. Қазіргі таңда айыпталушылар мен олардың қорғаушылары іспен танысуда.

Шымкент қаласындағы өңіраралық кәсіби орталықтың құрылысы да жер дауының болуына байланысты іске асырылмады. Атап айтқанда, Шымкент қаласының әкімдігі кәсіби орталықтың құрылысы үшін бөлінген жер учаскесінің бөлігін жекеменшікке берген. Нәтижесінде орталықтың құрылысы тоқтатылды, ал жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына сатып алу салдарынан мемлекет мүддесіне 40.9 млн. теңге сомаға залал келтірілді.

Осыған қоса, Орталық құрылысы бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мерзімі бір жыл бұрын аяқталғанына қарамастан, Министрлік оны ұзарту немесе берешек сомасын (367,4 млн. теңге) өндіріп алу жолымен шартты бір жақты тәртіппен бұзу туралы мәселе бойынша қазіргі таңға дейін  шешім қабылданбаған.

Атырау қаласында өңіраралық кәсіби оқу орталығын салу кезінде де едәуір заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстары көптеген кемшіліктермен жүргізілген, нәтижесінде құрылыс 14 айдың орнына 5 жылға созылған. Бұдан басқа, Атырау облысының прокуратурасы объектіде 3,3 млн. теңге сомасына орындалмаған, бірақ төленген жұмыс көлемін анықтады.

Осыған байланысты, Атырау және Шымкент қалаларында Орталықтар құрылысына бөлінген бюджет қаражаттарының жұмсалуын тексеру материалдары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

Тексеру қорытындысымен Бас прокуратура Білім және ғылым министірлігіне заңдылықты бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізді.

Орын алған заң бұзушылықтар жайлы Қазақстан Республикасының Үкіметі де хабардар етілд.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.