You are here

«Оларды балалары іздейді» атты ақпараттық қызмет көрсету жүйесі туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алимент өндіру әрдайым өзекті мәселелердің бірі болып келеді, өйткені, ең алдымен, оны төлемеу салдарынан балалар зардап шегеді.

Жыл сайын республикамыздың соттарында балаларын бағып-күтуге алимент өндіріп алу жөніндегң 35 мыңнан астам азаматтық іс қаралады.

Соның салдарынан олардың кезеңдік сипатына қарай сот орындаушылардың өндірісіне жылма-жыл 200 мыңнан астам алимент өндіру туралы атқару құжаттары келіп түседі. Бұл толық емес отбасында тәрбиеленіп жатқан осынша бала алимент алуға мұқтаж болып отыр деген сөз.

Әдетте, борышкерлердің басым бөлігінің алимент төлеуге мүмкіндіктері жеткілікті болады, алайда, әртүрлі себептермен орындалмай жатады. Жекелеген жағдайларда олар өз жұмыс орны мен табысы туралы мәліметті қасақана жасырып қана қоймай, уәкілетті органдардан өздері де жасырынып жүреді.

2014 жылдан бастап Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне іздеу салынған алимент бойынша борышкерлердің есебін жүргізу міндеті берілді.

2015 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша алиментті қасақана төлемеуші 399 адам есепке қойылды.

Осы есеп базасында борышкерлердің фотосуреттерін жариялай отырып «Оларды балалары іздейді» атты ақпараттық сервис (порталдың мекен-жайы: service.pravstat.kz)  құрылды.

Бұл сот орындаушыларынан жасырынып жүрген борышкерлерді іздеудің тиімділігін арттырып, осындай адамдарға мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастырады деген сенім бар.

Ең алдымен, бұл сервис өндіріп алушыларға борышкердің іздеуде жүргеніне көз жеткізуге, сонымен қатар жұмыс берушілер, қызметтестер және өзге осы мәселеге бей-жай қарамайтын азаматтар таныған жағдайда жасырынып жүрген борышкердің өмір сүру және жұмыс орны туралы сот орындаушыларына хабарлауларына мүмкіндік береді.

Бас прокуратураның
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі  комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.