You are here

Оқыту курсының аяқталуы туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2016 жылғы 17 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының алаңында «Құқық қорғау жүйесінің БАҚ-пен және әлеуметтік желілермен тиімді өзара іс-қимыл» тақырыбындағы құқық қорғау органдарының БАҚ-тармен өзара іс-қимылға жауапты қызметкерлеріне арналған 4 күндік курстар өткізілді.

Іс-шараны Құқық қорғау органдарының академиясы ЕҚҰЫ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырды. Тренингтің мақсаты – кәсіби дағдыны жетілдіру және құқық қорғау органдарының БАҚ-пен жұмыс жасау тиімділігін арттыру.

Семинарға прокуратура органдарынан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросынан, Мемлекеттік кірістер комитетінен 20-дан астам тыңдаушы қатысты.

Тренерлер ретінде қоғаммен байланыс саласындағы білікті ұлттық сарапшылар тартылды.

Белгілі тележурналист Полина Шиманская тыңдаушылармен заманға сай баспасөз қызметінің тиімді жұмысына қол жеткізудің құпияларымен бөлісті. Бизнес-тренер, «HR-praktice Kazakhstan» компаниясының директоры Регина Лариошинаның коммуникация негіздері туралы сөйлеген сөзі де аса қызықты болды.

Тренинг қатысушылары кейстік міндеттер шешу арқылы алған білімдері мен дағдыларын практикалық сабақтарда бекітті.

Құқық қорғау органдары академиясы институтының директоры Нұрлан Дәниев ЕҚҰЫ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің өкілдеріне және сарапшыларына, сондай-ақ семинар-тренингке белсенді қатысқан  тыңдаушыларға алғыс білдірді.

Семинар аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Бас прокуратура жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.