You are here

Назар аударыңыз! Алаяқтар әрекет етуде!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кейінгі кездері несиелерді жылдам әрі оңай алу және өзіңіздің жинақ қорыңызды көбейту мүмкіндіктері туралы электрондық хаттар, смс-хабарламалар мен хабарландырулар тарату жағдайлары жиілеп кетті.

Әдетте, алаяқтар азаматтардың сенгіштігін немесе қиын жағдайға тап болуын пайдалана отырып, қаражат мәселесін оңай шешуге байланысты ыңғайлы шарттармен адамдардың қызығушылығын оятады,  сонымен қатар несие алуға қатысты оң шешім шығару үшін алдын ала төлем жасауға көндіре бастайды. Басқа жағдайда күдік тудыратын жобаларды инвестициялау арқылы аз уақыт ішінде пайда табуға уәде береді.

Мұндай сипаттағы ұсыныстар бірден күдік тудыруы керек.

Өзіңізді «жалған несие берушілерден» қорғау өте жеңіл. Несие беру қызметін көрсету және салымдарды қабылдаумен айналысатын ресми түрде қызмет  ететін екінші дәрежелі банктер мен шағын несиелік ұйымдар тізімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz), Банктің Астана, Алматы қалаларындағы және барлық облыстардағы бөлімшелерінде  танысуға болады.  

Құрметті азаматтар, алаяқтардың айласына түспеу үшін әрдайым қырағылық пен сақтық танытыңыздар.

Есіңізде болсын, егер өзімізді алдауға жол берсек, онда алаяқтық қарқынды дами береді.

Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, олар жайлы өз жақындарыңызға айтыңыз, осылайша Сіз өз капиталыңызды заңсыз әрекеттерден қорғай аласыз.

Алаяқтыққа қатысты барлық жағдайлар туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.