You are here

Н. Ахметзакиров Қырғызстан Елшілігіне барды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Н. Ахметзакиров Қырғызстан Елшілігіне барды - 809432160

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясы ректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров Қазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасының Уақытша сенімді өкілі Қайнарбек Токтомушевпен кездесті.

Н.Ахметзакиров өзін жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, Академия қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Кездесу кезінде күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы әңгіме орнап, тараптар өзара пікір алмасты. Соның ішінде олар ұлттық және өңірлік қауіпсіздік қауіптері жаһандық сипат алып жатқанда екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің өзектілігін атап өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдары қызметкерлерін оқытуға арналған Өңірлік хабты дамыту аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау болды.

Академия басшысы оқу орталығын құру мақсаттары мен міндеттері, жобаға халықаралық серіктестердің көрсетіп жатқан қолдауы туралы ақпарат беріп өтті. Жақында БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен жасалған Өзара түсіністік туралы меморандумның маңыздылығын атап өтті. Келісім шеңберінде тренингтерді өткізу үшін танымал халықаралық сарапшылар шақырылады. Олар қылмыс көріністерінің алдын алу және оларды болдырмаудың алдыңғы қатарлы технологияларымен бөлісетін болады.

Осы орайда ол хабта білім алған тыңдаушылар үшін ашылатын кәсіби мүмкіндіктерге, өңірлік қауіпсіздікті нығайту және барлық мүдделі тараптар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты арттыру үшін жобаны жүзеге асырудың маңызды екеніне баса назар аударды.

«Бұл жобадан жақсы нәтижелер күтеміз. Біздің ойға алған жоспарларымызды сәтті іске асыру кадрлық және ғылыми әлеуетті күшейтуге мүмкіндік береді, жаһандық қауіптерге қарсы іс-қимыл саласында практикалық нәтижелерге жеткізеді» - деп атап өтті Академия басшысы.

Н.Ахметзакиров Академияның бастамасына қолдау көрсетуді, сондай-ақ хабтың міндеттері мен қызметі туралы кеңінен ақпараттандыру, жобаны әлеуетті серіктестердің білім беру іс-шараларымен біріктіру үшін көрші мемлекеттің құзыретті органдарымен байланыс орнатуда көмек көрсетуді сұрады.

Қырғызстан өкілі Академияның Хаб құру жөніндегі бастамасын жоғары бағалап, өз тарапынан жобаны дамыту және жылжытуға жәрдемдесу үшін бар күшін салатынын айтты.

Бас прокуратураның жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.