Мысыр билігі Қазақстанға іздеуде жүрген адамды ұстап берді

20 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

20 қараша 2018ж., Астана қ. Бүгін Бас прокуратура қызметкерлері Қазақстанның ІІМ Интерполмен бірлесіп қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Бейбіт Серғазиевті Мысырдан Қазақстанға экстрадициялады.

Ұсталған адам кісі өліміне күдікті адамдардың пайдасына сотта көрінеу жалған айғақ бергені үшін күдікті.

Серғазиев ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасын бұзып, тергеу органдарынан жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

Оны экстрадициялау қазақстандық қылмыстық қудалау органдарының мысырлық әріптестерімен бірлескен әрекеттерінің арқасында мүмкін болды.

Ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды, онда сот үкімі шығарылғанға дейін ұсталатын болады.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу