You are here

Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды тексеру нәтижелері туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Елімізде 140 мыңнан астам даму мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүреді, солардың ішінде 74 мыңын мүгедек балалар құрайды.

Прокуратура органдары осы санатқа жататын балалардың құқықтарын қорғауды тұрақты негізде тексеріп отырады.

Ағымдағы жылдың 3-ші тоқсанында прокурорлар тексеру шаралары барысында денсаулық сақтауда, әлеуметтік қорғауда, көмек және білім беруде мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары бұзушылғанын анықтады.

Атап айтқанда, тексеріспен осы санатқа жататын балаларға қатысты, оның ішінде ата-анасы тарапынан да, зорлық-зомбылық пен қатыгездік көрсету фактілері анықталды.

Мысалы, Қостанай облысында 2009 ж.т. жас мүгедек бала ауыр халде табылды, ол тексеру мезетінде азып кеткен, үнемі жатқан қалпында болған. Ұзақ уақыт бойы бала жалғызбасты анасының қарауынсыз және тиісті күтімсіз болған ал анасы адамгершілікке жат түрде өмір сүрді, бірнеше рет әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған, баланы тәрбиелеумен айналыспаған.

Тек прокуратура қызметкерлері араласқан соң ғана баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгеніне байланысты, Қарабалық ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясы мүгедек баланы ауруханаға жатқызды.

Қазіргі уақытта баланың анасының Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігімен (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы) қарастырылған қылмысты жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу өткізіліп жатыр.

Сонымен қатар прокуратураның ұсынуы бойынша баланың анасын ата-ана құқығынан айыру жөнінде шаралар қолданылуда, Қарабалық ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясының кәнілі адамдарды жауапқа тарту мәселесі қойылды.

1600-ден астам мүгедек баланың әлеуметтік және оңалту көмегін алуға құқықтарына шек қою фактілері анықталды, бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамға кіруіне кедергі жасайды.

Мысалы, Қостанай облысында тексеріс мезетінде 290 мүгедек бала кресло-коляскалармен және протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілмеген, 21 балаға көп функционалды сигналдық жүйелер мен саңыраулар мен нашар еститіндерге арналған басқа қосымша құралдар берілмеген. Маңғыстау облысында арнайы қозғалыс құралдарын, протездік-ортопедиялық аяқ-киімді, гигиеналық құралдарды және т.б. алуға 98 мүгедек баланың құқығы бұзылған.   

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы тексеріс барысында 947 мүмкіндігі шектеулі баланың гигиеналық құралдарды толық көлемде алуға құқығын қалпына келтірді.

Осындай бұзушылықтар Астана, Алматы қалаларында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау және Қызылорда облыстарында да анықталды.

Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 1 235 мүгедек баланың құқығы қалпына келтірілді.

Мүгедек балаларды тамақтандыруға және күтуге бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері анықталды.

Сөйтіп, Алматы қаласының психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға арналған күндізгі уақытта болу орталығының директоры мен бас есепшісі осы орталықтың қоймасынан 546 105 теңге сомасында азық-түлікті негізсіз есептен шығарған. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Шымкент қаласының мамандандырылған бөбектер үйінде 3,9 млн. теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау (азық-түліктер, шаруашылық керек-жарақтар, тәрбиеленушілерге арналған киімдер) анықталды. Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша бөбектер үйі қоймасының меңгерушісі К.Саккулиева 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Балалардың денсаулық сақтау және тиісті медициналық көмек алуға құқықтарын көптеген бұзушылықтар анықталды.

Мысалы, Батыс Қазақстан облысында Күшім Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің 90 мүгедек баласының жартысынан көбісі 2 жылдан артық медициналық көмектің талап етілген көлемімен қамтылмаған.

Қызылорда қ. №1 қалалық емханасында диспансерлік есепте тұрған мүмкіндігі шектеулі 114 баланың ішінде 40%-ы дәрігерлердің жетіспеушілігі салдарынан тиісті медициналық қызмет көрсетуді алмады.

Атырау облысында 113 мүгедек бала сәйкес медициналық тексерумен, дәрі-дәрмекпен және медициналық оңалтумен қамтамасыз етілмеген.

Осындай бұзушылықтар Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында да анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 93 мүгедек баланың денсаулығын сақтау құқығы қалпына келтірілді.

800-ден астам баланың сәйкес білім қызметтерін алуға құқықтарын шектеу фактілері анықталды. 

Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде жеке оқыту сапалы өткізілмейді, қойылатын талаптарға жауап бермейді.  

Мысалы, Алматы облысында 21 балаға қажетті үйден оқыту жүргізілмеген. Осы ретте оқытушыларға балаларды оқытқаны үшін негізсіз 300 мың теңгеден астам қаражат төленген.

Осындай бұзушылықтар Атырау, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 184 мүгедек баланы оқыту бойынша орын алған.

Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша бұзушылықтар жойылды.

Сонымен қатар тексеріс барысында 7 мүгедек студенттің тегін білім алуына құқықтары қалпына келтірілді.

Астана қаласында сау балаларды мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балабақшаларда күту фактілері анықталды.

Осылайша, "Алтын бесік" көру қабілеті бұзылған балаларға арналған түзету үлгісіндегі балабақшаға 51 сау бала, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №64 "Алтын бөбек" балабақшасына 4 сау бала заңсыз барған. Соңғы жағдайда ата-аналар балаларды күтуге арналған шығындарды төлеуден босатылған. Прокурорлық әрекет ету шараларымен бұзушылықтар жойылып, босаған орындарды арнайы білімге мұқтаж балалар алды.

Кәмелетке толмаған балаларды арнайы төлемдермен қамтамасыз ету бөлігінде бұзушылықтар анықталды.

Мысалы, Қостанай облысында 15 жетім бала және мүгедек бала заңмен қарастырылған жалпы сомасы 1,6 млн. тенге әлеуметтік төлемді алмаған (киім, жұмсақ жабдықтарды және төсек жабдықтарын сатып алуға). Прокурорлық қадағалау актілері бойынша әлеуметтік төлемдердің көрсетілген сомасы балалар мүддесіне қарай толық көлемде өндіріліп алынды.

Атырау облысының Индер ауданында прокурорлық қадағалау актілері бойынша 33 мүгедек балаға толық көлемде 900 мың теңгеден артық сомада тиісті жәрдемақылар мен әлеуметтік көмек төленді.

Осындай фактілер Маңғыстау және Алматы облыстарында да орын алған.

Прокурорлық әрекет ету актілері бойынша барлығы 3,9 млн. теңге сомасында жәрдемақылар мен әлеуметтік көмек төленді.

Тексеру нәтижелері бойынша прокуратура органдары 3 129 мүмкіндігі шектеулі баланың конституциялық құқықтарын қорғады, түрлі жауапкершілікке 706 адам тартылды, 11 қылмыстық іс қозғалды, 1 адам сотталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Респуликасының Үкіметіне анықталған заң бұзушылықтарды, сондай-ақ оған мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізілді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.