You are here

Мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Бас прокуратураның алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылғы 7 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратураның алқа мәжілісі болып өтті, онда мүгедектердің және  қарттар үйлеріндегі адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері қаралды.

Жиналыс жұмысына Парламент депутаттары, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көлік және коммуникациялар, экономика және бюджеттік жоспарлау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылары мен жауапты қызметкерлері, Бас прокуратура жанындағы қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 610 мыңға жуық отандастарымыз мүмкіндіктері шектеулі азаматтар болып табылады. Мүгедектердің қоғам өміріне толыққанды араласуы үшін ең алдымен оларға деген көзқарасты өзгерту қажет. Сондықтан осындай адамдардың әлеуметтік ортаға қосылуы үшін жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаты болып табылады.

Бас Прокурор атап өткендей, соңғы жылдары ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін шешу бойынша мемлекет едәуір жұмыс атқарды. Оларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында бюджеттік қаржыландыру жыл сайын арттырылуда. Кейінгі үш жылда ғана осы мақсаттардағы шығындар шамамен 20 млрд. теңгені құраған. Қазақстан Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға қосылды. Президенттің тапсырмалары бойынша 2009 жылы осы санаттағы азаматтар үшін арнайы әлеуметтік қызметтер енгізіле отырып әлеуметтік қызмет ету жүйесіне реформа басталды.

Алайда, қабылданып отырған шараларға қарамастан мүгедектердің және қарттар үйлеріндегі адамдардың құқықтарын қорғау мәселесі әлі де  кемшіліктерге толы күйінде қалып отыр. 

Прокурорлар ашқан заңдылықтың өрескел бұзылуының фактілері, қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсететін адамдардың тарапынан көрсетілген адамгершілікке жатпайтын, кейде тіпті шектен шығатын қарым-қатынас осыны көрсетеді.

Бюджет қаражатын ұрлау және тиімсіз пайдалану, тұрғын-үй және еңбек құқықтарын, медициналық көмекке деген құқықтарын сақтамау, оңалтудың индивидуалды бағдарламаларының жоқтығы және олардың орындалмауы, мүгедектерге тиісінше күтім жасамау, оларға қол жұмсау фактілері анықталды. Жүйелі түрде жіберілген кемшіліктердің салдарынан жұмысқа қабілетті 425 мың мүгедектің 15 %-ы ғана жұмысқа орналастырылған.

Барлық анықталған фактілер бойынша ықпал ету шаралары қабылданып, нәтижесінде 7,5 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары қорғалды. Тексерулердің қорытындыларына сәйкес заңдылықты бұзуды жоюға бағытталған 181 ұсыныс енгізілген. Ол бойынша 126 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде төртеуі сыбайлас жемқорлық баптары бойынша жазаланды. 87 қылмыстық және әкімшілік іс қозғалды. Залал келтіруге кінәлі 23 адам төрт миллионнан астам теңгенің орнын толтырса, оның 3 миллионы мүгедектердің пайдасына шешілді.

Талқылау қорытындысы бойынша Бас прокуратура анықталған заңдылықтың бұзылуын жою, мүгедектерді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар кешенін ұсынды.

Атап айтқанда, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің стандарттарын жетілдіруге, оңалтудың индивидуалды бағдарламаларының сапасын арттыруға  бағытталған тиімді шаралар әзірлеу ұсынылды.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың инфрақұрылым объектілеріне кіріп-шығу мәселесін шешу маңызды міндеттердің бірі ретінде белгіленді.  Осыған орай ғимараттар, жолдар, көліктер және тұрғын үйлерді мүгедектердің қажеттілігіне қарай ыңғайлау қажеттілігі атап көрсетілді.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы мақсаттарда жұмыс орындарын квоталауды неғұрлым тиімді пайдалану, жұмыс берушілердің мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа белсендірек тарта түсетіндей жағдай жасау ұсынылды.

Ұсынылған шараларды жиналысқа қатысушы Парламент депутаттары, Бас прокуратура жанындағы қоғамдық кеңестің мүшелері белсенді түрде қолдап, келісілген және мүдделі әрекеттер ғана мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемаларының тиімді шешілуіне, мүгедектердің әлеуметтік жағынан қорғалуына және олардың қоғам өміріне толыққанды араласуына мүмкіндік беретіндігін атап көрсетті.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің атына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.