М.К. Әбләзовты Франция территориясында ұстау фактісі бойынша баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылдың 1 тамызы)

01 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын «БТА Банк» АҚ-ның 5 млрд. АҚШ долларынан астам қаражаттарын ұрлаған және қылмыстық жолмен табылған табыстарды жылыстатқан ұйымдасқан қылмыстық топты құру мен оған басшылық жасау фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

Аталған қылмыстық істер бойынша 2009 жылғы 6 наурызда М.К.Әблязовқа оны ұстау мен экстрадициялау мақсатында қамауға санкция бере отырып, халықаралық іздеу жарияланды.

Мұнымен қатар бірқатар қылмыстарды жасау айыптары бойынша Ресей мен Украинаның құқық қорғау органдары М.К.Әблязовқа іздеу жариялады.

М.К.Әблязовтың және оның сыбайластарының әрекеттері Кипр, Венгрия және Латвияның құқық қорғау органдарының қылмыстық тергеулерінің пәні болып табылады. Ирландия мен Финляндияның уәкілетті органдарымен М.К.Әблязовпен аффилиирленген компаниялардың қызметтерінде тексерістер жүргізілуде.

2012 жылғы ақпанда Ұлыбританияда Лондонның Жоғары Сотының шешімімен сотты құрметтемегені үшін М.К.Әблязовқа 22 ай мерзімге түрмеге қамау түріндегі жаза тағайындалды, алайда ол ағылшындық сот төрелігінен бой тасалады.

Ағымдағы жылғы 31 шілдеде Интерполдың француздық бюросы М.К.Әблязовтың Франция территориясында ұсталғандығы туралы хабарлады.

Қазіргі уақытқа М.К.Әблязовты ұстау жағдайлары жөнінде неғұрлым егжей-тегжейлі ақпаратты француздық әріптестер ұсынылған жоқ, ақпараттың түсу ретіне қарай Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қосымша хабарлайтын болады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу