Мемлекеттің экономикалық мүдделері қорғалуда

21 қаңтар 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекеттік мүлік туралы заңнаманың сақталуы мәселелері Жамбыл облысы прокуратурасының ерекше бақылауында тұр.

2014 жылы қадағалау тексерістері барысында экономикалық мақсатқа сәйкестілікті, бәсекелестік нарықты, сондай-ақ маңызды әлеуметтік объектілерді есепке алмай, объектілерді жекешелендіруге жататын тізімге негізсіз енгізу фактілері анықталған.

Прокурорлық ықпал ету актілеріне сәйкес облыс әкімдігі жекешелендіру тәртібінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдады, 23 объект жекешелендіруге жататын объектілер тізімінен шығарылды.

Мемлекет қорына Тараз қаласындағы бағасы 130 млн. теңгеден асатын 2 әкімшілік ғимарат қайтарылып, коммуналдық меншікті жалдау туралы 20-дан аса келісім-шарт бұзылды.

Жерді пайдалану заңнамасы саласында прокурордың шағымдарымен жер телімдерінің бағалау құнын жоғарылату фактілері бойынша 120 млн. астам теңге мемлекетке қайтарылды.

Мемлекет қорына пайдаланылмаған және заңдылықты бұзумен пайдаланылған жалпы құны 208 млн. теңге болатын жер телімдері қайтарылды.

Жамбыл облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу