«Мемлекеттік сатып алу туралы даулар бойынша құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері»

29 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жоғарғы Соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы 2018 жылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы азаматтық-құқықтық даулар бойынша 36 істі қайта қарады, соның ішінде 13-і Бас прокуратураның наразылығы бойынша қаралды.

Істің ең көп саны өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танумен байланысты болып отыр (20).

Сондай-ақ заңға қайшы жұмыстарды орындау мерзімдері ұзартылған, олардың сметалық құны түзетіліп, Мемлекеттік сатып алу туралы шартсыз сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін бюджеттен сома өндіріп алынған жергілікті соттардың актілері да қайта қаралды.

Жалпы ереже бойынша мемлекеттік ұйымдар мемлекеттік сатып алу туралы Заңның талаптарын сақтай отырып ғана шарттық қатынастарға түсе алады.

Бұл процесс келесіні:

  • мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітуді;
  • өнім берушіні таңдауды;
  • Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды және оны орындауды қамтиды.

Шарт веб-портал арқылы жасалады және Тапсырыс беруші мен өнім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Мемлекеттік ұйымдарға тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізу Мемлекеттік сатып алу туралы шарт болмаған кезде өнім берушіден ақы төлеуді талап ету құқығын туғызбайды.

Алайда іс жүзінде шарт болмаған кезде де мемлекетке тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізу жағдайлары орын алуда.

Мәселен, серіктестік мемлекеттік мекемеге жазбаша шарт жасамай тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсеткен.

Мемлекеттік мекеме көрсетілген қызметтерді төлемегеніне сілтеме жасай отырып, ЖШС сотқа олардың құнын өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінген.

Соттар мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің сақталмауына байланысты талап-арыздан қанағаттандырудан бас тартқан.

Ары қарай нақты қалыптасқан құқықтық қатынастарды жария ету мақсатында ЖШС ММ-ге мәмілені жарамды деп тану туралы талап қойған.

Сот талап арызды қанағаттандырғанымен, Жоғарғы Сот онымен келіспеген.

Азаматтық кодекстің 154-бабында мәмілені жарамсыз деп тану үшін мынадай мән-жайлардың жиынтығы:

  • мәміле мазмұнының заңға сәйкестігі;
  • мәмілені тараптардың немесе ең болмағанда тараптардың бірінің орындауы;
  • мәміле үшінші тұлғалардың заңды мүдделерін бұзбауы қажет екендігі көзделген.

Алайда, жергілікті соттар мәмілені жарамды деп тану үшін жеткіліксіз деп нақты қызмет көрсетуді ғана көрсеткен.

Заңға сәйкес мемлекеттік ұйымдар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу арқылы ғана шарттық қатынастарға түсе алады.

Осы талапты сақтамау мәмілені жарамды деп тану мүмкіндігін болдырмайды.

Мемлекеттік сатып алу жүйесі сатып алуға қатысушылар арасында бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін тең жағдайлар жасауға және мемлекеттің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуының оңтайлы шарттарын анықтауға бағытталған.

Кез келген мүдделі тұлғаның заңнамаға сәйкес өнім беруші болуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сақтамай өнім берушіні тарту сатып алуға қатысушылар санының негізсіз шектелуіне әкеп соғады және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға ықпал етпейді.

Қызметті шартсыз көрсете отырып, ЖШС қызметтерді олардың міндеттемелері болмаған кезде көрсетіліп отырғанын білмеуі мүмкін емес.

Демек, Азаматтық кодекстің 960-бабының 4-тармағына сәйкес шарт болмаған кезде нақты көрсетілген қызметтер үшін төлем өндіріп алуға жатпайды.

Өзге тәсіл жосықсыз орындаушылар мен мемлекеттік тапсырыс берушілерге заңды айналып өту үшін мүліктік пайда алуға мүмкіндік берер еді.

Осыған ұқсас құқықтық ұстаным мемлекеттік сатып алу туралы шартта көзделмеген қосымша жұмыстарға ақы төлеу туралы даулар бойынша әзірленген.

Сонымен, бір компания мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес объектінің құрылысына жұмыстар орындады, ал мемлекеттік мекеме төлем жасады.

Кейіннен компания жобалау-сметалық құжаттамада ескерілмеген жұмыстарды орындағанына сілтеме жасай отырып, бюджет қаражатын қосымша төлеуді талап еткен.

Сот компанияның талабын қанағаттандырды.

Жоғарғы Сот келесі негіздер бойынша сот актілерінің күшін жойып, талап арызды қанағаттандырудан бас тартқан.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 60-бабының 1-тармағына, Азаматтық кодекстің 654-бабына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстары жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) шеңберінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік сатып алу туралы заң ЖСҚ түзетусіз және бюджет комиссиясының оң қорытындысынсыз жұмыстардың бағасын арттыруға тыйым салады.

Келісім-шартта көрсетілген жұмыстарды орындауды және олардың құнын төлеуді көздемеген, яғни мердігерге осындай міндеттемелердің жоқ екендігі туралы белгілі болған.

Сондықтан түзетілген ЖСҚ болмаған кезде қосымша жұмыстардың нақты орындалуы негізсіз байытуға әкеп соқпайды, бұл мердігерді олардың төлемін талап ету құқығынан айырады.

         Тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізу мерзімі тағы бір маңызды жағдай болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 45-бабының 2-тармағы Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мерзімін ұзарту жағдайларының толық тізбесін қамтиды.

Шарт талаптарын сақтау аталған процеске қатысушылардың теңдігін қамтамасыз етуге, адал бәсекелестік үшін жағдай жасауға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.

Мәселен, мемлекеттік мекеме құрылыс фирмасымен нысанды салуға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасты.

Шартта белгіленген мерзімде құрылысты аяқтаудың мүмкін еместігіне сілтеме жасай отырып, фирма объектіні пайдалануға беру мерзімін ауыстыру туралы талап қойған.

Сот мердігерді қолдады.

Жоғарғы Сот заңнама Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өткізілетін Мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертуі мүмкін өзгерістер мен Заңның 45-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнім берушіні таңдауға негіз болған ұсыныстарды енгізуге тыйым салатындықтан сот актілерінің күшін жойған және талап қоюдан бас тартқан.

Мердігердің міндеттемелерін уақытша орындай алмауы мұндай жағдайларға жатпайды.

Нақты мердігер тұрақсыздық айыбын төлеу түріндегі міндеттемені уақтылы орындамағаны үшін жауапкершілікті болдырмау мақсатын көздейді.

Осылайша, шарт мемлекеттік тапсырыс берушілердің де, өнім берушілердің де заңды мүдделерін қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу туралы дауларды шешудің жоғарыда айтылған тәсілдерін білу Өнім берушілерге заң талаптарын дұрыс түсінбеуден туындаған теріс салдарларды болдырмауға мүмкіндік береді. 

 

________________________

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу