You are here

Мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтар анықталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алумен байланысты азаматтық істер бойынша сот актілерінің талдауын жүргізіп, мынадай заң бұзушылықтарды анықтады.
Атап айтқанда, талдау нәтижелері бойынша 2013-2014 жылдар ішінде Бородулиха аудандық сәулет, құрылыс, қала құрылысы бөлімінің басшысы И.Лаукарт ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңымен қарастырылған  талаптарды сақтамай, жеткізушілерді жосықсыз мемлекеттік сатып алушылар ретінде тану туралы талап-арыздардың мерзімдерін бұзып бергені анықталды.  
 
Мысалы, ШҚО ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының 21.05.2014 ж. шешімімен аталмыш бөлімнің «Anvar-Sagat» ЖШС-ін жосықсыз жеткізуші деп тану бөлігінде  талап-арызды қанағаттандырудан бас тартылған.
 
Соттың шешімі бойынша, тапсырысшыға Заңның бұзылуы туралы 2013 жылдың 31 желтоқсанында мәлім болған. Ал, талап-арыз сотқа тек 2014 жылдың 14 наурызында, яғни, 2 ай өткен соң ғана берілген.
Бөлім басшысы И.Лаукарттың заңсыз әрекеттері салдарынан жеткізушілер заңмен белгіленген жауаптылықтан босатылған, сөйтіп,  мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіміне енгізілмеген. 
 
Бөлім басшысы барлығы 8 талап-арызды беру мерзімін бұзған.
 
Прокуратураның араласуынан кейін бөлім басшысы И.Лаукарт қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
 
ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі
 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.