You are here

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу туралы баспасөз ақпараты (4 маусым 2014 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін барлық прокуратура органдарында жеке құрамның және ардагерлердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиналыстар болып өтті.

Салтанатты жиналыстар барысында мемлекеттіліктің қалыптасуындағы мемлекеттік рәміздердің жоғары мәнге ие екендігі айтылды. Бұл күн патриоттық және өз елі үшін мақтаныш мерекесі,  Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін паш ету болып табылады.

Сөз сөйлеушілер атап көрсеткендей, мемлекеттік рәміздерді насихаттау азаматтарды патриоттыққа, Отанды сүюге, оның мүдделеріне қызмет етуге және оны қорғауға дайын болуға негізделген ұлттық сананы қалыптастыруға бағытталған.

Осыған орай мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды қалыптастырудағы, мемлекеттік рәміздер туралы заңнамалардың талаптарын сақтаудағы прокуратураның маңызды рөлі аталып өтілді.

Мерекелік іс-шаралар барысында прокурорлар жергілікті атқарушы органдар өткізген патриоттық акцияларға белсенді түрде қатысты. Мысалы, Қарағанды облысы прокуратурасының қызметкерлері облыс орталығындағы мемлекеттік рәміздер алаңы ашылуының салтанатты іс-шарасына қатысты. Осы іс-шара барысында прокуратураның жас қызметкерлері ант қабылдады. Ақмола облысының прокуроры Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Менің елім» атты акцияға қатысты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.