You are here

«Мемлекеттік қызметте– мемлекеттік тілмен» республикалық байқауы туралы баспасөз ақпараты (Астана, 30 мамыр 2014 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында «Мемлекеттік қызметте – мемлекеттік тілмен» атты республикалық байқау болып өтті. 

Бас Прокурордың орынбасары Жақып Асанов өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, мемлекеттік тілдің қызмет етуі мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан байқауды өткізудің басты мақсаты – мемлекеттің тіл саясатын қолдау, прокуратура органдарындағы қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және насихаттау болып табылады.

Байқауға Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, Астана, Алматы қалаларының прокуратуралары, Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы және облыстық прокуратуралардың өкілдерінен құралған 19 команда қатысты.

Әрбір команда мемлекеттік тілді білу мен оны өзінің күнделікті кәсіби қызметінде қолдану деңгейін көрсетті. Байқауға қатысушылар әртүрлі қызметтік жағдайлардағы ауызша сөйлеу шеберліктерімен жарысып, қызметтік құжаттарды әзірлеу, оларды сапалы аудару дағдыларын көрсетті. Сондай-ақ әділқазылар сот процесіндегі мемлекеттік айыптаушының рөліндегі прокурор шешендігінің сапасы мен мәдениетін бағалады.

Құрамына Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың өкілдері, мәдениет, әділет министрліктерінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Бас прокуратураның қызметкерлері, прокуратура органдарының ардагерлері енген әділқазылар алқасы байқаудың нәтижелерін бағалады.

Іс-шараға қатысушылар атап өткендей, осы байқау Мемлекет басшысының мемлекеттік тілді дамыту және оның рөлін арттыру, қазақ тілін белсенді түрде үйрену, сондай-ақ күнделікті қызметте және өмірде қолдануға қызметкерлердің қызығушылығын арттыру жөніндегі саясатын жүзеге асыруға қосқан прокуратура органдарының маңызды үлесі болып табылады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.