You are here

"Рухани жаңғыру - патриотизм негізі" республикалық байқау өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 "Рухани жаңғыру - патриотизм негізі" республикалық байқау өтті - 342335784
24 қараша, Астана қ. «Қазақстан» концерт залы. «Қазақстан» концерт залында «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты құқық қорғау және әскери мекемелердің арасында республикалық ведомствоаралық байқау өтті. Дәстүрге айналған бұл байқау биыл үшінші рет өткізілуде.
 
Байқаудың негізгі мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау мен  патриоттық рухты күшейтуге қадам жасау.  
 
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен және Президент Әкімшілігінің,  Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту комитетінің қолдауымен өткізіліп жатқан шараны ҚР Мемлекеттік хатшысы Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы ашты. Ол республикалық деңгейде өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқтала келе барлық командаларға сәттілік тіледі.
 
Шара қонақтарының қатарында ҚР Президент Әкімшілігінің өкілдері, Конституциялық Кеңес мүшелері, Парламент депутаттары, сондай-ақ құқық қорғау мен мемлекеттік органдардың өкілдері болды. 
 
Байқауға – Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Мемлекеттік күзет қызметі өкілдерінен құрылған 6 команда  қатысты.
 
Командалар 2 айналым бойынша сайысқа түсіп, бақ сынасты. Біріншісі - мемлекеттік органның қызметі және рухани жаңғыру аясындағы атқарылып жатқан нақты істерге негізделген таныстыру мен  бейнебаян сынды екі бөлімнен тұрса, ал екіншісі – «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» сахналандырылған көріністен тұрды.
 
Сайысты тамашалауға келген қауым командалардың шығармашылығына әбден қанық болды.
 
Әрбір ведомствоның өкілдері мемлекеттік тілді жетік білетінін, оны кәсіби қызметте қолдану дағдыларын әрі шеберліктерін  өзара сынға салды. Байқау тартысты да  қызықты, өте әсерлі өтті.
 
Аталмыш байқауға талабын ұштап, үмітін үкілеп келген әрбір команда, додалы бәйгеде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болуға барынша ынта-жігерлерін салып, күштерін аямады.
 
Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі,
Бірінші орынды - Қорғаныс министрлігі,
Екінші орынды - Бас прокуратура және Мемлекеттік күзет қызметі,
Үшінші орынды – Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті командалары иеленді.
 
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың жекелеген айналымдарында ерекше көзге түскен қатысушылар түрлі номинациялар бойынша алғыс хатпен ынталандырылды.
 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
712766
712819

 

 "Рухани жаңғыру - патриотизм негізі" республикалық байқау өтті - 1656413801
 "Рухани жаңғыру - патриотизм негізі" республикалық байқау өтті - 189250228

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.