Мемлекеттік бюджетке 20 млн. теңге көлемінде шығын келтіруге тосқауыл қойылды

19 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокурорлық ықпал ету шараларының негізінде «Мұнайпоставка» ЖШС-нің Маңғыстау облысының салық Департаментіне салық тексерісінің қорытындысымен жасақталған хабарламаны заңсыз және жарамсыз деп тану туралы берген талап арызы жөніндегі азаматтық іс бойынша мемлекеттік бюджетке шығын келтіруге тосқауыл қойылды.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2013 жылғы 16 мамырдағы шешімімен ЖШС-нің талабы толық қанағаттандырылып, салық органының 20 670 778 теңге сомасындағы бюджетке төленуі тиіс салық туралы хабарламасы (оның ішінде 16 092 213 теңге мөлшерінде КЖТС және 4 578 565 теңге айыппұл) заңсыз деп танылып, күші жойылған болатын. Аталған сот шешімі 2013 жылғы маусымда заңды күшіне енген.

Алайда, Маңғыстау облыстық прокуратурасы кассациялық наразылық енгізді. Маңғыстау облыстық сотының кассациялық сот алқасының а.ж. 14 тамыздағы қаулысымен наразылық толық қанағаттандырылды, бірінші сатылы соттың шешімі бұзылды және салық органының хабарламасы заңды деп танылды. Аталған азаматтық іс бойынша шығарылған сот актісімен облыс прокуратурасы келісті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу