Мемлекетаралық келісім-шартқа қол қою рәсімі туралы БАҚ үшін аңдатпа

21 қаңтар 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2015 жылдың 22 қаңтарында Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы мемлекетаралық келісім-шартқа қол қою рәсімі өтеді.

Осы іс-шараға ақпараттық қолдау көрсету үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

Іс-шара сағат 15:00-де басталады.

Рұқсаттамалық өткізу рәсімінің ерекшеліктерін ескере отырып, БАҚ өкілдерінің Бас прокуратураға ертерек, яғни, сағат 14:30-да келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, Бас прокуратура ғимараты.

Тіркеу 7172169@prokuror.kz электрондық мекен-жайы арқылы жүргізіледі.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу