Мемлекет бюджетіне 3 млрд. теңге өндірілді

14 қыркүйек 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның қызметін тексеру барысында жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын, соның ішінде қазақстандық мамандарды оқыту шығыстарын төлеу бөлігінде лицензиялық-шарттық міндеттемелерді орындамағанын анықтады.

Ақтөбе облысы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде осы мекеме мемлекет кірісіне 3 млрд. теңге сомасындағы тұрақсыздық төлемі мен айыппұлды төледі.

Өндірілген сома толық көлемде мемлекет бюджетіне түсті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу