Мемлекет басшысы Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады

25 мамыр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Кездесу барысында Ж.Асанов Мемлекет басшысына прокуратура органдарының қазіргі және перспективалы жоспарлары туралы, сондай-ақ елдегі құқық тәртібі мен заңдылық ахуалы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті соңғы жылдары қабылданған заңдар қылмысқа қатысты саясатты ізгілендіруге, экономикалық қылмыстар үшін балама жазалау шараларын енгізуге бағытталғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев прокуратура органдарына қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласында, әсіресе халық үшін әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу аясында азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды міндет жүктелгенін де айтты.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/memleket-basshysy-bas-prokuror-zhakyp-asanovty-kabyldady

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу